Өтірік өрге баспайды (ертегі)

Ерте, ерте, ерте де, ешкі жүні бөрте де. Көгарай шалғын күндердің бірін де орманды бір ДИЮ мекен етіпті. Аң құс қолына көп түспегендіктен, қарны ашып, маңайдағы ауылға беттейді. Жол да айлакер түлкіге кездеседі. Ашыққан Дию түлкіні жемек болып, аузына сала берген де түлкі ДИЮ-ға «тоқта!» деп айқайлайды. «Осы ауыл да мың қойы бар бір малшы өмір сүреді. Мен сені сонда ертіп апарайын, мені қайтесің, қу сүйек біреумін ғой. Мың қойды тойғанша жемейсің» деп түлкі, ДИЮ-ді алдайды. Содан не керек, түлкі ДИЮ-ды ағаш арасына жасырып, өзі малшы жігітке барады. Малшыны сөзге елітіп, «мың қойыңды берсең, бір қора толған алтын беремін» дейді. Өзі аңқау, момын малшы түлкінің сөзіне сеніп, мың қойын ДИЮ-дың алдына өзі айдап апарады. ДИЮ-дың үңгіріне кірген де шынымен қазына толған мекен екеніне көзі жетіп, таңырқай, абдырап қалады. ТҮЛКІ де өтірігінің шын болып шыққанына қуанып кетеді. Осы кезде ТҮЛКІ қазынаны Малшыдан қызғанып, тұзаққа түсірудің қамын ойлайды.
Түн ортасын да Малшыға таң ата бастаған да келіп, алтындарды ақырындап, ауылыңа алып кет деп желіктіреді. Сөзге сенген Малшы мәз-мейрам болып, үйіне кетеді. Дию ұйқыға бата бастаған да, қу түлкі қазына ішіндегі алтындарды ауыл сыртына тасып, үңгір алдына малшының келер жолына қақпан құрады. Алтыннан босаған үңгірдің ішін тасқа толтырады. Өзі үңгір сыртына тығылып, Малшының келгенде қалай қақпанға түсіп, ДИЮ-дың жемтігіне айналғандығын көргісі келеді. Бірақ, бәрі олай бола қоймайды. Үңгір ішінен кенеттен қойлар маңырап сыртқа шығып кетеді. Қойларды үңгірге кіргізбек болған да, асыққан түлкі өзі құрған қақпанға өзі түсіп қалады. Айғайлаған ащы дауыстан Дию оянып кетеді. Алтындардың жоқ екенін, қойлардың сыртта екенін және түлкінің қақпанға түскенін көріп, қатты ашуланады. Еш ойланбастан, түлкіні асай салады. Таң ата келіп жеткен малшы, бұл көріністен шошып, ДИЮ-ды мылтығымен атып түсіреді. Осылай мал да, алтында Малшының өзін де қалады. Ал түлкі өзі қазған орға өзі түсіп, ажалы Диюдан болған екен.

Бекмұхан Маржан Біржанқызы,
Алматы облысы, Кеген ауданы, Майлы Орманов атындағы орта мектептің 4 сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ