СМАРТФОН

Қазіргі заманды смартфонсыз, компьютерсіз елестету мүмкін емес. Өмірімізде кездесетін қиын жұмыстарды атқаратын осы технологиялар. Бірақ, қазір біз оларға тәуелді болып қалғанымызды өзімізде байқай бермейміз. Мол пайдасымен бірге кейде бұл технологиялар ақырындап зиянын тигізіп жатқанын да сезбейміз. Жалпы телефонды қолыңа ұстағанда ештеңке ойлай алмайсың, саған алтын уақыттың қалай өтіп жатқаны мүлде байқалмайды. Бүгінгі талқылайтын мәселе дәл осы жайлы болмақ.
Бүгінгі таңда смартфонсыз өмір сүре алмайтын кезеңге жеттік. Себебі, смартфон бізді жан-жақты информациямен қамтамасыз етеді. Қазір біз үйде отырып дүкен аралай аламыз, кітап оқып білім аламыз, концерт көріп көңілімізді көтереміз. Кейбір функциялардың расыменде пайдалы екенін мойындауымыз қажет. Бірақ, байқағаным, адам көп сағатын босқа жоғалтса да, өмірінің өтіп жатқанын сезсе де, алайда экранан басын көтере алмайды. Басы байланып, өз еркінен айырылып қалғанын көреміз. Арасында барлық пен тоқшылдықтың салдарынан депрессияға да ұшыраған адамдарды да кездестіргенмін.
Айтакетерлік смартфон ішіндегі әлуметтік желілер қоғамда маңызды рөл атқарады. Әсіресе, осының кесірінен сіз смартфонға тәуелді болып қаласыз. Желілерге кірген кезде өзіңізді мәдениетті және әдепті ұстағаныңыз абзал. Ол жерде адамдар басқаша кейіпке енуі мүмкін. Мен сіздерге Жапон елінде болған жан түршіктірген оқиғаны баяндап берейін.
Жаздың бірінші маусымда 2004 жылы жай ғана сабақ оқитын күн еді. Сынып жетекшісі түскі ас кезінде Нацуми Цудзи және оның құрбысы Сатоми Митараиды таппай қалды. Ұстаз алаңдап, оларды ары-бері іздеймін деп сыртқа шығайын деп жатқанда Нацуми Цудзи сырттан жүгіріп келді. Үстіндегі Nevada жейдесі қанға боялған еді. Нацуми абдырап, алқынып тыныстап тұр. Мектептің жанында жұмыс істейтін әкесі, Сатоми Митараиды политция келмей тұрып, қызының ес түссіз, қан болып жатқан жерінен көреді. Нацуми Цудзи уақыты келгенде бәрін жасырмай айтып береді. Оның сөзі бойынша Сатоми «Даркнет» сайтында, әлеуметтік желілерде Нацумиды кемсітіп, мазақтап отырған. Құрбысының ауыр сөздеріне көне алмаған Нацуми ертеңгі сабақ күнінде, Сатомиді бір кабинетке шақырады, ол келісімен шұғыл қимылдаған Нацуми қолындағы канцелярлық пышақпен Сатомиді тамағынан орып жібереді. Кішкентай қыз оқиғаның қалай тез болғанын, не себеппен істегеннін өзі де аңғармайды. Көзіне жас келіп, өкініштен көп жылайды. 2004 жылы сот оның жастығын ескеріп, ауыр жаза берген жоқ. Тек Токиодан алысқа кетіп ауруханада ем алғанын, психикасының қалпына келуін жөн санады. Осы оқиғадан кейін көп жағдай өзгерді. Nevada университеті бұл кофтаны енді қайтып шығармады. Үйткені Жапонияда Нацумидің жағдайы танымал болғаннан кейін, жоғарғы оқу орны студенттер киетін жейдені қайта шығарғысы келмеді. Иә «Нацуми Навада тян» лақабатымен танымал болып кетті. Олар оқыған мектепте енді әр жыл сайын 1 маусымда өмір құндылығы жайлы сабақтар өтеді. Ата аналар бұрынғыдай емес, балаларын ойлап, олардың не қарайтынын бақылап, тағдырынан алаңдайтын болды. Жалпы бұл жайтты естігеннен кейін өзімде таңғалып, ғибрат алып, әлеуметтік желіде ылғида сақ отырамын. Ойлап қарасақ, осындай жайттар тек Жапон елінде ғана емес әлемде де бар.
Әлеуметтік желіге қызығушылықтың соңы қайда әкеп соғарын білмейміз. Басында қызық болып көрінгенімен соңында өкініп қалатын жәйіттер көп. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерге ғана емес ойындарға деген тәуелділік артып келеді. Бұл шыныменде адамға қауіпті. Денсаулығымызға әсері тиеді, ал, оны кейін әуелгі қалпына келтру қиын. Ұйқыға, демалысқа, нерв жүйесіне ауыр тиіп, баланың сабақ үлгеріміде төмендейді. Балалардың айтуы бойынша, олар тәуелді екенін біледі. Дегенмен, ойындағы жүлделерді ұтып алуды қызықты деп санайды. Денсаулығы нашарлап отырсада, біле тұра ойынды жалғастырады. Көзі соқыр болып, омыртқасы майысқанша, соңына дейін сарылып отыра берді. Менің жазбамды оқып отырған жас оқырман, менің сөзімді тыңдарсың. Ойында емес, өмірде жүлдеге қол жеткізуге тырыс! Әлеуметтік желіге емес, оқып отырған сабағыңа көңіл бөл! Ал қалған қорытындыны өзің де шығара аласың.

Тұрсын Балжан Медетқызы
Алматы қаласы №201 мектеп гимназия 11 «Ә» сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ