Тәуелсіздік – тұғырым!

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы,
№ 200 мектеп-гимназиясы
6 сынып оқушысы
Асқар Ботакөз
Тәуелсіздік – тұғырым!
Тәуелсіздік – бақытым.
Мақтанышым, шаттығым.
Тұратұғын желбіреп,
Биіктегі көк туым.
Тәуелсіз ел Қазақстан
Асқақтай бер әрқашан.
Бабаларым бар кезде,
Тайып еді бақ қашан?!
Отанымды сүйемін,
Бейбіт өмір тілегім.
Тәуелсіздік мәңгілік,
Сен екенсің тірегім!
Әже – асыл қазына
Әжем менің – ақ гүлім
Жүрегімнің шаттығы.
Әжем менің ақылдым
Жанашырым, жақыным.
Бауырсағының иісі,
Мұрын жарады шіркін-ай.
Әр жасаған тағамы,
Секілді ғой құлпынай.
Әжетайым, аман бол,
Жүзіңнен нұр кетпесін.
Ұзақ ғұмыр сүріңіз,
Көсегеңіз көктесін!



