Тәуелсіздік оңай келген жоқ…….

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы,
№ 200 мектеп-гимназиясы
6 сынып оқушысы
Кенжебек Рахат Әли
Тәуелсіздік оңай келген жоқ…….
Берді жанын ел үшін,
Болашақ пен біз үшін.
Төгілді ғой қандары,
Азаттық пен жер үшін.
Кетті қанша жастарым,
Аямады оларды.
Азаттықты армандап,
Мұзға жаққан алауды.
Ұмытпаймыз оларды,
Мәңгі тағзым етеміз.
Қайрат, Ербол, Ләзаттай,
Сәбирадай тәтеміз.
Алаңға шыққан ұрандап,
Жастарға ешкім сенген жоқ.
Тәуелсіздік біздерге,
Оңай ғана келген жоқ.
Батырларды мәңгілік,
Жүретерде сақтаймыз.
Ие болып Отанға,
Үміттерін ақтаймыз!
Қазақстаным!
Алматының баурайы,
Қонақ күтіп қуанған.
Медеуім мен Шымбұлақ,
Көрмегенге мың арман.
Келді қанша шетелден,
Демалуға алыстан.
Қонақжайлы қарсалған,
Алға елім Қазақстан.
Милиондаған халықты,
Ұстап тұрған жерім бар.
Асқақтаған Көктөбем,
Алатауым төрім бар.
Қазақстан – қастерлім,
Қазақ деген елім бар.
Алматы мен Астанам,
Мақтанатын жөнім бар.
Шетелге де шығып ем,
Бәрі лас, шашылған.
Европа мен Туркия,
Қоқысы асқан басыңнан.
Менің елім тап-таза,
Әдеп, иба сақтаған.
Еш мемлекет жетпейтін,
Қазақстанмен мақтанам!
Алматы
Менің қалам керемет,
Туған жерім себебі.
Ғажап қандай Алматым,
Тралыменен терегі.
Менің қалам сұп-сұлу,
Ешбір қала жетпейді.
Әлі-ақ көресіңдер ғой,
Өсіп, өніп, көктейді.
Менің қалам – Алматым,
Менің жұмақ мекенім.
Төсіңде туған ұлыңмын,
Құрметтеп мәңгі өтемін.
Менің қалам — сән қалам,
Қала жоқ мұндай әлемде.
Бағым болып әрдайым,
Тұра берші төбемде!



