Бүгінгі білімді жас – ертеңгі білікті маман

Миятжан Сақанұлы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қызылшекара ауылы Көдек Байшығанұлы атындағы орта мектебінің директоры. 1964 жылы туылған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің математика және информатика мамандығын бітірген. 2007 жылдан аталған орта мектептің директоры болып қызмет етеді.
Кәсіби жетістіктері:
2016 жыл «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен,
2017 жыл Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, 2018 жыл «Білім шыңы – Ғылым сыры» қоғамдық бірлестігінің «Қазақстанның ұлағатты ұстазы» төсбелгісімен марапатталған.
2018 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымы және ҚР жалпы білім беру ұйымының басшылар арасында іс-тәжрибесі таратылып, Алғыс хат иеленген. 2020 жыл Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Алғыс хатымен, 2020 жылы «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының Алғыс хатымен, 2021 жыл Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған және осы жылы облыстық «Ұстаздар әулеті» бейнебаян конкурсында «Берекелі шаңырақ» номинациясының жеңімпазы, 2022 жылы «Заманауи жағдайда білім беру процесін тиімді басқарудың негізі» тақырыбындағы семинарда «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының Алғыс хатымен марапатталған.
2015 жылдан бастап Алматы облыстық директорлар кеңесінің мүшесі.
2018 жылдан Райымбек аудандық директорлар бірлестігінің төрағасы.

Алматы облысы Райымбек ауданы Қызылшекара ауылында іргесі қаланған, тарихы сонау 1944 жылдан басталатын бастауыш мектеп бүгінде жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, талантты да дарынды шәкірттерді ұшырып жатқан киелі білім шаңырағына айналған.
Мектеп 1947 жылы «Буденный» атымен аталса, 1950 жылдары «Үлгілі бастауыш» мектебі, 1962 жылы «Қызылшекара» 3 кластық бастауыш мектебі, одан кейін «Қызылшекара» орталау мектебі, ал 1976 жылдан 8 жылдық мектепке ауысып, мектепке ағартушы Ыбырай Алтынсариннің есімі берілген. Одан 4 жылдан кейін 1980 жылы 640 балаға арналған 3 қабатты жаңа мектеп берілуіне байланысты 10-жылдық «Қызылшекера» орта мектебі болып, қайта өзгертілді. 1997 жылы атақты ақынның құрметіне орта мектебімізге Көдек Байшығанұлының есімі берілді. Өткен ғасырдың басында Ілияс Жансүгіровпен жүздесіп әңгімелескен. Мұхтар Әуезов сұқбаттасып, пікір алысқан екен. М.Әуезов Көдек ақын туралы 1927 жылы орыс тілінде арнайы мақала жазған. Академик жазушы мақаласында Көдек ақын жөнінде, «Өзгеше үлгідегі даланың дара ақыны мазмұны мен қоғамдық ролі жөнінен әлдеқайда қызығырақ саналады. Солардың жарқын бір үлгісі – албандар арасындағы Көдек ақын. Ол ауылдағы қазіргі замандағы құрылыстың белсендісі. Қосшылар одағының мүшесі, газет-журналдардың тұрақты оқырманы, баспасөз беттерінен белгілі идеологиялық және біршама дәрежеде көркемдік тәрбие алатын, заманына толық лайық, өзін әрқашан нық сезінетін қоғамшыл ақын» (М.Әуезов, Ленинград, 1927 жыл) деп жазыпты. 1998 жылы «Көдек ақынның 110» жылдығына орта мектеп алдына ақынның ескерткіші орнатылды. Осындай тарихы бар киелі білім шаңырағында бүгінде жоғары білімді 45 педагог пен тәрбиешілер қызмет жасауда. Мектебімізде 6 мұғалім «педагог-зерттеуші», 7 мұғалім «педагог-сарапшы», 6 мұғалім «педагог-модератор», жоғары санатты 3 педагог, 2-ші санатты 6 педагог ұстаздық еңбек етіп келеді. 2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымына конкурстық негізде 8 жас маман қабылданып, жыл ішінде педагогикалық жұмысын өз мамандықтары бойынша бастап кетті.


Мектеп әкімшілігі

2022-2023 оқу жылын 230 оқушы, мектепалды даярлық сыныбында 21 бала аяқтаса, шағын орталықта 40 бала тәрбиеленіп шықты.
Білім алушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, еркін азамат етіп тәрбиелеуде еліміздің көптеген ұстаздары сияқты біздің ұжым мүшелері де, білімдерін толықтырып, жаңашылдық танытуда. Мектеп ұжымының қызметі білім алушыларға жаңартылған білім мазмұны аясында сапалы, шынайы білім мен тәлімді тәрбие беруге толық бағытталған. Жаңа модификациялы химия кабинеті, физика кабинеті, мультимедия кабинеттері жұмыс жасаса, 8 пән кабинетінде интерактивті құрылғылар орнатылған.
Білім — адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы, өнегелі тәрбие мен білімге байланысты. Заңғар жазушы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім болмақ». Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты-тек білім мен білік дағдыларын меңгерту ғана емес, алғыр, талантты, ақпарат көздерін өз бетімен қолдануға қабілетті, білімді шәкірттерді тәрбиелеу болып табылады.
2021-2022 оқу жылында облыстық пән олимпиадасында биология пәнінен 11 сынып оқушысы Серікқызы Айшагүл жүлделі 3-ші орынды иеленді. Осы жылы «Жетісу» телеарнасы ұйымдастырған «Зерде» ойынында 11 сынып оқушысы Шаден Әділет жүлделі 2 орынды иеленіп, 1 млн теңгенің сертификатын жеңіп алды. 2022 жылы бітіруші түлектерден қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша 4 оқушы «Алтын белгіге» 1 оқушы «Үздік аттестатқа» аяқтап ҰБТ-да жоғарғы балл жинап, білім гранттарын жеңіп алды. ҰБТ бойынша ортақ балл 93,7 болды.
Биылғы 2022-2023 оқу жылын да білім беру ұйымы толағай табыстармен, оқушыларымыздың жетістіктерімен аяқтап отыр. Бітіруші 12 түлектен 1 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісін, 1 түлек «Үздік аттестатты иеленді.

«Алтын белгі» иегері Тұрсынбек Ұлан жыл ішінде аса қабілетті ақындық өнерімен бірнеше байқаулардың жүлдегері атанып, мектеп намысын, аудан намысын қорғады.
2022 жылы қараша айында «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңінің «Ақындар айтысында» 2-
дәрежелі дипломмен, 2023 жылы қаңтар айында «Жыр алыбы -Жамбыл» облыстық жас ақындар айтысының «Тақырыптық» айтыс» номинациясында 2-дәрежелі дипломды иеленді.
Ақпан айында Облыстық «Дана халықтың дара перзенті» атты Д.А.Қонаевтың құрметіне арналған «Ақындар айтысында» 2-дәрежелі дипломмен марапатталды. Облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларының «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» номинациясынан 1-орынды иеленіп республикалық байқауға жолдама алды.

10 сынып оқушысы Бекей Диас Республикалық «Өнер алаңы» байқауында «Көркем сөз» номинациясынан Бас жүлдені иеленсе, ІҮ халықааралық «Тайжарыс таланттары» байқауының көркемсөз жанрында бас жүлдені иеленіп, талантымен топ жарды.
Облыстық Жас дарын «Балалар әлемі» балалар оқуы байқауының Алғыс хат иегері Құрман Лаура, Республикалық «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу байқауында «Көркем сөз» номинациясының 1 орын иегері Ерлан Жігер біздің мақтаныштарымыз.
«Дарын» ғылыми жоба байқауының аудандық кезеңінен 9 сынып оқушысы Жабағы Ерасыл 2 орын, жетекшісі Жапсарбаева Жанар, «Зерде» жоба байқауынан Ұзақ Айым қазақ әдебиетінен 1орын, жетекшісі Айтбаева Жадыра, Нұрғанатқызы Балнұр физика секциясынан 2 орынды, жетекшісі Атенова Асел иеленді. Бірінші орын алған оқушылар облыстық кезеңге қатысып,жұмыстарын қорғап, сертификат алды.
«Ғылым әлемі балалардың көзімен» тақырыбындағы республикалық ғылыми жоба байқауында 11 сынып окушысы Аинидин Нурислам экология секциясы бойынша ІІІ орын, жетекшісі Алмагүл Мұсабекова, 9 сынып оқушысы Арман Ақниет ІІІ орын, жетекшісі Гүлжазира Әбдібекова, арнайы дипломмен марапатталды.
5-6 сыныптар арасында өткен аудандық пәндік олимпиадада 5 сынып оқушысы Өмірғали Ақжол І орын иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ақпан айында 9-11 сынып оқушыларының аудандық пәндік олимпиадасы өтті, нәтижесінде информатика пәнінен 11 сынып оқушысы Аинидин Нурислам және тарих пәнінен 9 сынып оқушысы Арман Ақниет жүлделі орынды иеленіп, облыстық олимпиадаға қатысып қайтты.

Білім негізі – бастауышта
Білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. «Ұлан» пән бірлестігінде жаңашыл, облыс, республика көлемінде іс-тәжрибесі таралып жүрген озат мұғалім Байтенова Гүлмира, тәжрибелі, жаңашыл ұстаз Манобаева Гүлдария, әріптестерімен өзара тәжрибе алмасып, кәсіби тәжрибесі толыса бастаған жас маман Сейдуақас Назерке, аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі — 2021» байқауының жеңімпазы, шығармашыл
маманымыз Мұсабекова Айнұр және жас маман Бакеева Динара сынды бастауыш сынып мұғалімдері қызмет жасап келеді. Ұстаз еңбегінің нәтижесін білім сапасының көрсеткішімен бағалайтын болсақ, бастауыш сыныптардың білім деңгейінің жыл сайынғы өсуін байқауға болады.Бірлестіктегі ұстаздардың өлшеусіз еңбектері еленбей қалған жоқ. Аудандық тамыз конференциясында Манобаева Гүлдария және Мұсабекова Айнұр аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен, Байтенова Гүлмира Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу, баланы уақыт талабына қарай икемдеп, санасына өз заманының озық өнегесін сіңіре білу, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – ұстаздың парызы. Оқушылардың ғылыми ізденісін арттыру, зерттеу, табу, сараптау қабілеттерін дамыту, ойын еркін жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру мақсатында аудандық, облыстық, республикалық, ғылыми жобалар, олимпиадалар, түрлі оқуларға қатыстырып, жоғары көрсеткіштерге ие болған шәкірттеріміз де аз емес. Атап айтатын болсақ , 2 сынып оқушысы Рысбек Айша «Кенгуру-математика барлығы үшін» интеллектуалдық ойын-конкурсының ІІ орын және 1 сынып оқушысы Бекжанов Асылжан ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы 9 сынып оқушысы Жабағы Ерасыл, Асқанбай Еркеназ 1 дәрежелі, 5 сынып Бекболат Нұрсұлтан , Тұрсын Балнұр 2 дәрежелі, 4 сынып Анарбек Көркем, 2 сынып Атанбай Нұрай, Бекжанов Асылжан 2 дәрежелі, 6 сынып оқушылары Нұрмұханбет Айнұр, Асқанбай Ақжол, Ұзақ Раяна 3 дәрежелі ,дипломдармен марапатталды
Республикалық қашықтан «Дарындар әлемі» халықаралық порталы ұйымдастырған «Сәлем күз» атты байқауда «Шығарма» номинациясы бойынша Нұрқуат Кәусар, Құрылысбек Әлихан І дәрежелі дипломдармен, «Мыңбала» зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен өтілген Республикалық М.Мақатаев оқулары олимпиадасына Қабылбай Райана бас жүлде, Дулат Аян, Ұзақ Раяна, Атанбай Нұрай І дәрежелі дипломмен және Нұрқайым Ықылас ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Республикалық «Көркем жазу» атты шығармашылық байқауында Бақытжан Дидар мен Олжасұлы Эмирхан І орынды иеленді. Бекболат Нұрсұлтан облыстық «Экологиялық күнтізбе» іс-шарасы аясында «Құстар қорғауды сұрайды» эко көрмесінде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Аудандық «Алтын сақа» байқауында Айныдин Айнисям І орынды және Сақан Айерке ІІІ орынды иеленді.

Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштердің бірі ретінде қарастырылады. «Оқу мәдениет өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру» деген түйін сөз бекер айтылмаса керек. Білім берудегі «Оқуға құштар» мектеп жобасы қолға алынып, іске асырылуда. Өскелең ұрпақтың кітап оқу сауаттылығын арттыру, оқуға деген қызығушылықтарын ояту мақсатында үлкен бастамаға мұрындық болып отырған мектеп кітапханашысы Иманқұлова Ляззат. Мектебімізде «Үздік оқырман» байқаулары ұйымдастырылып, аудан, облыс көлемінде жетістікке жеткен 7- сынып оқушысы Құрман Лаураны мақтанышпен айтуға болады.
Тәрбие — арнайы ұйымдастырылған сапалы, жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі педагогикалық қызмет. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері теориялық білімді, еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу. Осы мақсатта жүргізілген жұмыстар:

«Талаптың мініп тұлпарын»

3 сынып оқушысы 2 сынып оқушысы Қален Дінмұхамед Асқанбай Марғұлан
Жетекшісі Манобаева Гүлдария Жетекшісі: Мусабекова Айнұр
«Отан» «Ұстазыма»
Иә , білем кішкентаймын әлі мен,

Болса егер келер ұрпақ білімді,
Бір ұлы сөз естіген ем кәріден.

Ол еңбегің ұстаз сенің бүгінгі.
Сол сөз ұлы санамызда сақталған,

Біздер аман болсақ асыл ұстазым,
Отан деген биік екен бәрінен.

Түсірмейміз мәңгі сенің құныңды.
Барлығын да істер едім ол үшін,

Күліп жүрші жанымызда үнемі,
Көрген едім мен әкемнің сол ісін.

Бұл Марғұлан шәкіртіңнің біреуі.
Өтеу мендей жігіттерге бұл парыз.

Сағынатын, сені іздейтін мен ұлмын.
Отанымның алдындағы борышын.

Мұғалім деп соққан ылғи жүрегі!..

 

Ұстаздарға арнау
Мұндай думан боп жатқан жоқ күнде елде,
Домбырамды қолға алайын бірдемде.
Бүгін соңғы қоңырау деп армысың,
Алып-ұшып ағылған жұрт бұл жерге.
Өлең сүйген талғамыңнан айналдым,
Өздеріңсіз керекпіз біз кімдерге.

Мектепті де біз аяқтап қалыппыз,
Бозбала мен бойжеткен боп жүргенде.
Шәкірттері болса өнерлі ұстаздар,
Ұқсамайды бекер өмір сүргенге.
Онда шашу ұстаздарға шашайық,
Өнермен де, біліммен де, жырмен де.

Бала күннен бізді қосып жарысқа,
Деп үйретті, «Сүрінсеңде сыр берме».
Жүрегіне қанша салмақ түсті екен,
Алғаш рет біз додаға кіргенде.
Артқа тастап оқушылық өмірді
Қадам бастық студенттік сүрлеуге.

Ал ендеше, сыныптасқа, ұстазға,
Жүрегіммен осы өлеңді сыйлаймын.
Сырғып сағат өткен сайын зымырап

Осындағы барлығыңды қимаймын.
Мерекеде қуанайық күлейік,
Түспейікші сарсаңына уайымның.
Сенсеңіздер 11 жылды тағы да
Мен мектепте өткізуге дайынмын.

Көзді ашып-жұмғанша енді алдыңа,
Ер жігіт пен бой түзеген қыз келді.
Біз сіздерді шығармаймыз жүректен,
Анда-санда еске аларсыздар, біздерді.

Біз ұшамыз алтын ұя мектептен,
Ізбасарлар, болыңыздар мұрагер.
Жазда күннен,қыста желден қорған боп,
Ұстаздарым сен қасқайып тұра бер.

 

Өнерліге өріс кең
Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері би қимыл қозғалыстарынан байқалады. Би – қазақтың халық фольклорының көне түрлерінің бірі. Мектепте «Тұмар» би үйірмесі жұмыс істейді. Индира Ибрахан жетекшілік еткен бұл үйірме арқылы жыл ішінде 20 ға жуық би түрлерін үйренді. Атап айтсақ: «Қуыршақ», «Түймедақ», «Тауыс», «Қара жорға», «Медуза», «Египет», «Контра» биі, «Фламенко», «Түймеқыз» т.б Аталған үйірмеге 30 бала тартылды. Мектепте өткізілген түрлі шараларда «Тұмар» би тобы өз өнерлерін көрсетті.

«Спорт-денсаулық кепілі»
Мектебімізде аудандық спорт мектебінің филиалы «Еркін күрес» үйірмесі бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Білім бәйгесі мен өнер сайыстарында ғана емес, спорттық шараларда да топ жарып аудан намысын ту етіп, түрлі спорттық сайыстарда бақ сынап жүрген оқушыларымыз да аз емес. Спорт десе, ішкен асын жерге қоятын, мектебіміздің мақтаныштары Жамбыл Дінмұхамед пен Өмірғали Ақжол түрлі спорт жарыстарының жеңімпаздары атанды. Спорттың қай түрімен айналысса да, ол адамның қабілетіне байланысты екендігі осының дәлелі.
Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу, санасына өз заманының озық өнегесін сіңіре білу, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту ұстаздардың парызы.
Жақсы мұғалім болу үшін өз пәніңді жақсы білу жеткілікті, ал ұстаз болу үшін әрбір шәкірттің жүрегінен жол таба білу керек. Міне, біліммен қатар педагог мамандарға ең бірінші қойылатын қатаң талап ол, балаға деген сүйіспеншілік, балаға деген шынайы махаббат. Мамандық жәй күнелту, ақша табудың әңгімесі емес, өз мамандығың арқылы рухани күш алып, демалып, еңбектің рахатын көруі тиіс. Сонда ғана өз ісіміздің, өз кәсібіміздің жемісін жеп, шәкірттерімізді биіктен көретін боламыз.

Миятжан Сақанұлы,
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қызылшекара аулы,
Көдек Байшығанұлы атындағы орта
мектебінің директоры

 

ПІКІР ЖАЗУ