Менің сүйікті суретім – «Алтын күз»

AnyScanner_11_15_2026Менің атым – Ертай Алима Нұржанқызы. Мен 6 жастамын. №119 мектеп-лицейінің мектепалды даярлық тобының 0 «А» сыныбында оқимын.
Мен сурет салуды өте қатты жақсы көремін. Әсіресе табиғаттың әсем көріністерін бейнелеген ұнайды.
Менің бұл салған суретім күз мезгілі туралы. Суретімде жаңбыр жауып тұрған кезде қолшатыр ұстаған кішкентай қыз кетіп бара жатыр. Күз мезгілі өзінің сары түске оранған әсемдігімен ерекше. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге төгіліп жатыр. Маған күздің осындай әдемі көрінісі қатты ұнайды.
Мен сурет салумен қатар би билегенді де жақсы көремін. Би билеген кезде көңіл күйім көтеріліп, қуанышқа бөленемін. Сабақ оқуды, сурет салуды және би билеуді қатар алып жүрмін.
Болашақта жақсы білім алып, сурет салу мен би өнерін одан әрі дамытқым келеді. Менің арманым – жан-жақты, өнерлі қыз болу!

ПІКІР ЖАЗУ