Инфрақұрылым астаналықтар үшін маңызды

Инженерлік  инфрақұрылым дегеніміз инженерлік жүйелер мен құрылымдардың экономикалық және әлеуметтік дамудағы рөлі мен маңыздылығын білдіреді. Астана қаласында инфрақұрылымның тиімді жұмыс істеуі қоғамның барлық салаларындағы тұрақты даму мен үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Инженерлік инфрақұрылым елордадағы қоғамдық өмірдің барлық аспектілеріне, оның ішінде экономика, әлеуметтік қызметтер, қоршаған орта және халықтың әл-ауқатының арттыруына әсер етеді. Инженерлік инфрақұрылым, әсіресе көлік, энергетика және байланыс жүйелері, кәсіпорындар мен өндіріс орындарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Жақсы дамыған инфрақұрылым өнімдерді тез әрі арзан өндіруге және тасымалдауға мүмкіндік береді. Инженерлік инфрақұрылымның сапасы мен тұрақтылығы Астанаға инвестициялар тартуға ықпал етеді. Заманауи инженерлік шешімдер мен жүйелер бизнес ортаны жақсартады. Астана қаласындағы тұрғын үй және коммуналдық қызметтер яғни су, газ, жылу және электр энергиясын қамтамасыз ету инженерлік инфрақұрылымның негізі болып табылады. Бұл қызметтер қоғамның әл-ауқатын жақсартып, қалалар мен ауылдық аймақтардағы өмір сапасын арттырады.

Астана қаласы  құрылысының дамуы инженерлік жүйелерге тәуелді. Су мен кәріз жүйелерінің жобалануы, энергиямен қамтамасыз ету, жолдар мен қоғамдық көлік желілерінің дамуы — осының бәрі қала дамуының негізі болып табылады.
Астана қаласының инженерлік инфрақұрылымның дамуы жаңа технологиялар мен инновациялармен тығыз байланысты. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, ақылды қалалар және автоматтандырылған жүйелер инженерия саласының болашағы болып табылады.

Астананы дамыту мәселелері Мемлекет басшысының тұрақты бақылауына алынған. Президент алға қойған жаңа мақсаттар мен міндеттер қаланың ұзақмерзімді дамуына түзетулер енгізуді талап етеді. Астананың 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын әзірленді.

Бүгінде басты жаһандық сын-тегеуріндердің бірі — қарқынды кенттену үдерісі. Қазіргі таңда қалалар жаһандық және жергілікті құрылымдық өзгерістердің басты платформасына айналуда. БҰҰ болжамына сәйкес, 2050 жылға қарай адамзаттың 70% астамы қалаларда өмір сүретін болады, қазір бұл көрсеткіш 54%-ға жеткен.

Астана — елеулі демографиялық әлеуеті бар миллионнан астам тұрғыны бар қала. 2030 жылға қарай халық саны 2 млн адамға жетіп, ал 2050 жылға қарай — 3 млн-нан асады деп болжамдалған.

Мемлекет басшысы Астананы креативті адамдар, таланттар, жастар, сондай-ақ туристер мен шетелдік инвесторлар тартылатын негізгі орталық болатын жаһандық қалаға айналдыру туралы міндет қойды. Әрине, ол үшін қала құрылысына қатысты көп орталықтылыққа бағытталған заманауи урбанистикалық шешімдерді, жаңа тәсілдерді пайдалануымыз қажет.

Осы орайда елорданы жаһандық қала ретінде дамыту бірнеше негізгі бағыт бойынша жүргізіледі деп жоспарлануда.

Біріншісі – адами даму. Қаланың басты капиталы — оның тұрғындары. Таланттарды тарту, олардың шаһардан кетуін болдырмау үшін қалалық ортаны өмір сүруге барынша жағымды әрі ыңғайлы ету керек. Бірінші кезекте, бұл — қолжетімді сапалы баспана, қауіпсіз қоғамдық көлік, денсаулық сақтау мен білім беру салаларының жоғары сапасы, қоғамдық қауіпсіздік.

Екіншісі — қаланың креативті экономикасы. Мемлекет басшысы атап өткендей, Астананы тартымды туристік дестинацияға трансформациялау арқылы оны ақылды да мейірімді қалаға айналдыру жұмыстарына көп көңіл бөлінетін болады.

Бұл — қонақжайлылық атмосферасын қалыптастыру, тұрғындар мен туристер үшін қалалық сервисті жақсарту. Астана жаһандық сауда ағындарының хабына, ең ірі тұтыну нарығына және елдің негізгі көліктік-логистикалық торабына айналуы тиіс. Тиісінше бұл – қала қазынасына түсетін қосымша салықтар.

Үшіншісі — қалалық жоспарлау. Бұл стратегиялық қалалық жоспарлаудың жаңа форматына көшуді білдіреді.

Қазіргі заманғы инженерлік инфрақұрылым сандық технологияларды қолдану арқылы Астана қаласының өмірін жақсартуға бағытталған. Ақылды көлік жүйелері, энергияны үнемдеу технологиялары мен қалалық басқару жүйелері инфрақұрылымды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Инфрақұрылымдағы инженерліктің маңыздылығы қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Инженерлік инфрақұрылымның дұрыс жобалануы мен тиімді жұмыс істеуі экономиканың өсіп-өркендеуіне, халықтың өмір сапасының артуына және экологиялық тұрақтылыққа ықпал етеді. Инфрақұрылым саласында инженерлік шешімдер қабылдау тек техникалық емес, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан да маңызды, өйткені олар астаналықтардың күнделікті өміріне, қауіпсіздігіне және әл-ауқатына тікелей әсер етеді.

 

ПІКІР ЖАЗУ