15 ҚАРАША – ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ!

Бүгін төл теңгеміздің туған күні. 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз айналымға енген болатын. 1998 жылдан бастап 15 қараша кәсіби мереке ретінде «Ұлттық валюта – теңге күні және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің мерекесі» болып белгіленді.
Ұлттық теңгеміздің мәртебесі әрдайым биік болсын!
Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің күнімен құттықтаймыз! Сіздерге қаржылық тұрақтылық, өсу, кәсіби жетістік тілейміз. Алдағы жұмыстарыңыз еліміздің экономикасын дамыту мен нығайтуға және қаржылық әлеуетін көтеруге бағыттала берсін!




