KITAP TIME – кітаппен бірге ойлан, ізден, білімді бол!

Құмкешу ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білімдерін толықтыру және танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында «Kitap Time» атты танымдық ойын өткізілді.

Танымдық ойынға қатысқан оқырмандар екі топқа бөлініп, өзара білімдерін сынады. Ойын барысында қатысушылар кітап, әдебиет, авторлар мен шығармаларға қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды.

Әртүрлі тапсырмалар мен қызықты сұрақтар оқырмандардың белсенділігін арттырып, олардың ойлау қабілетін шыңдауға ықпал етті. Сонымен қатар ойын барысында қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, көңілді әрі мазмұнды уақыт өткізді.

«Кітап оқыған сайын – ойың өседі, білімің толығады!» дегендей, кітап – білім мен рухани байлықтың қайнар көзі. Осындай танымдық іс-шаралар жас оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, білімге деген құштарлығын қалыптастыруға жол ашады.

Кітап оқып, білімді болайық!

Бақытгүл Князова,

Қостанай облысы, Амангелді ауданы

Құмкешу ауылдық кітапханашысы

 

ПІКІР ЖАЗУ