«МӨЛДІР БҰЛАҚҚА» ЖАЗЫЛДЫҚ!

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 2 «Б» сынып оқушылары 2023-2024 оқу жылына
Сүйікті досымыз, сырласымыз және қорғанымыз бола алатынына сеніп, жас зиялыларға арналған танымдық журнал, «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері «Мөлдір бұлақ» журалына сынып болып жазылдық.
Сыныпта 26 оқушы бар. Сынып ата-аналары балалардың оқуға құштарлығын арттыру мақсатында әр туған күнде ертегі кітаптар сатып әпереді. Енді міне, осы балалардың болашағы жарқын болсын, интеллектуалды дамыған болсын деп, Сіздердің тамаша танымдық журналдарыңызға толық жазылуын қамтамасыз етіп отыр. Сыныптағы 26 оқушының оқу сапасы — 82 % болса, үлгерімі 100%. Сынып оқушылары белсенді, білімді, ізденімпаз, еңбекқор, оқуға құштар балалар. Сыныптағы оқушылар 100% үйірмеге қатысады. Ата-аналарымыз да ұйымшыл, балалар үшін барлық жағдайды жасауда. Сынып оқушылары арасында бірнеше дүркін спорт жеңімпаздары бар. «Мөлдір бұлақ» журналы арқылы алдағы уақытта шығармашылығымызды дамытамыз деген ойдамыз.
Журнал ұжымына шығармашылық табыстар, өте көп оқуға құштар оқырмандары болсын деп, тиражы көбейсін деп тілейміз!..
Ата-аналар қолдайды әркез асылды,
Құрмет тұтып зерек қызды, әз ұлды.
Біздің сынып бір кісідей барлығы,
«Мөлдір бұлақ» журналына жазылды.
Сынып жетекшісі:
Бейсенгазина Райхангүл Қасенқызы,
Педагог-зерттеуші, бастауыш сынып мұғалімі

ПІКІР ЖАЗУ