«Мөлдір бұлақ» журналына жазылды

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі 3 «А» сыныбы
«Мөлдір бұлақ» журналына жазылды

Подстепный жалпы орта білім беретін мектебінің 3 «А» сыныбында 23 оқушы, 6 оқу озаты, 13 оқу екпіндісі бар. Сынып ұйымшыл, өздеріне берілген істі тиянақты орындайды. Сынып оқушылары тәртіпті, ақылды, білімді. Бос уақыттарында кітапханаға барып кітап оқиды. Ата-аналар да ұйымшыл. Оқушылардың біліміне, тәртібіне көңіл бөле отырып, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды жақсы жолға қойған. Соның арқасында оқушылар түрлі байқауларға қатысып отырады. Жеңімпаздарымыз да жоқ емес. Сыныбымдағы Дойбы 64 және 100 шаршы бойынша Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы Марат Ғазиза Арматқызы және «Qalan» облыстық, Республикалық олимпиадасының I орын жүлдегері, аудандық, облыстық байқау жеңімпаздары Аман Елнұр, Жасұланқызы Ару, Саясатова Малика, Дәулетқали Әділхан сынды оқушыларымның жеңістерін атап өтуге болады.
Ата-аналарым да мектеппен тығыз байланыс жасайды. Сыныптың ата-аналар жиналысына уақытылы келіп қатысады. Мектепте өтетін сыныптан тыс тәрбиелік шараларға, түрлі байқауларға, отбасылық сайыстарға белсене қатысады. Аудандық отбасылық сайыстың жүлдегері Маратовтар отбасы мен Тұрсынғалиевтар отбасының жеңісін мақтан тұтамын. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымы Ниетова Патима Сериковна ата-аналарды сынып оқушыларына барлық жағдайды жасауға бірлескен түрде жұмыстануға шақырып отырады. Осы ата-аналардың қолдауымен Республикалық «Мөлдір бұлақ» журналына сынып оқушылары түгелдей жазылып отыр. Балаларға арналған «Мөлдір бұлақ» журналы оқушылар үшін пайдалы ақпаратқа толы, танымдық басылым деп есептеймін. Оқушыларым осы журналды сүйіп оқиды. Журналды ай сайын күтіп, оны оқып, өздерінің жеке кітапханаларына салып отырады.
Сынып жетекшісі:
Масалимова Рысгул Ерғазықызы

ПІКІР ЖАЗУ