Балалар үшін қызықты деректер

- Көзді ашып тұрып түшкіру мүмкін емес.
- Оң қолмен жазатындар орташа есеппен алғанда, солақайларға қарағанда 9 жылға ұзақ өмір сүреді.
- Акула — екі көзін бір мезетте жыпылықтата алатын жалғыз балық.
- Жайын балығында 27000 дәм сезу рецепторы бар.
- Балалардың сүйікті Микки және Минни Маус мультфильмін дыбыстаған Уэйн Элвайн мен Расси Тейлор ерлі-зайыпты болған.
- Біз туған кезден бастап, құлақ пен мұрын өсуін ешқашан тоқтатпайды.
- Қытайда ағылшынша сөйлейтін адамдар саны АҚШ-тан да көбірек.
- Страустың көзі оның миынан үлкенірек.
- Әйелдер ер адамдарға қарағанда көздерін көбірек жыпылықтатады.
- Мүйізтұмсықтың мүйізі өте қалың шаштардан тұрады екен.
- Тіл — адам ағзасындағы ең күшті бұлышқет.
- 2 миллиард адамнан тек біреуі ғана 116 жасқа дейін өмір сүреді немесе сол жастан асады.
- Ақ аюлар — солақайлар.
- Көбелектің дәм сезу рецепторлары аяқтарында орналасқан.
- Піл — секіре алмайтын әлемдегі жалғыз жануар.
- Мысықтың әр құлағында 32 бұлшықет бар.
- Орташа есеппен алғанда адам 7 минут ішінде ұйықтап кете алады.
- Инелік — жыртқыш жәндік. Ол шыбын-шіркей, өрмекші мен масаларды жейді.
- Жолбарыстардың жүні ғана емес, бүкіл терісі де жолақ.
- Қолтырауын тілін шығара алмайды.
- Ұлу үш жыл бойы ұйықтай алады.
- Су жулдызында ми жоқ.
- Леонардо да Винчи қайшыны ойлап тапты.




