Авторы:
20.05.2016

Қадірлі балалар!
Өткеніне құрметпен, болашағына зор үмітпен қарайтын Қазақстан халқы мамыр айында маңызды мерекелер мен атаулы күндерді атап өтеді. Біздің халқымыздың қасиетті жерінде өзге ұлт өкілдері де қоныс теуіп, ұзақ жылдар бойы өз Отаны санап, өмір сүріп келеді. Қазақ ұлтымен түрлі ұлыс өкілдерінің бірлікті, ынтымақтықты сақтап, бір атаның баласындай тіршілік етіп келе жатқаны бүгінгі таңда әлем үшін зор үлгі. Бұл – ымырашыл татулықты біз әрдайым мақтан тұтамыз!
Ұлы Дала елінде достықтың мәртебесін арттыру мақсатында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі ерекше тойланады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан – халқы татулыққа ұйыған, жастары жасампаздыққа ұмтылған елге айналды» – деп, әркез бірлік пен ынтымақтың мәнін ерекше ұғындырады. Сый-құрметімізді арттырып, бейбітшілігімізді сақтайтын бұл мейрамның арқасында барлығыңның қасыңнан ақылды да адал дос табылсын деймін. Әр сыныптастың орны бөлек екенін біліңдер. Толығымен…

Авторы:
20.05.2016

«Он бес күн оқыдым ба, жоқ әлде жиырма күн оқыдым ба, ол жағын білмеймін, әйтеуір, мен үшін сағынышқа толы жылға бергісіз біраз уақыт өтті ғой. Үйге келемін, тамағымды ішемін де, ұжымшар орталығында тұратын жергілікті балалармен ойнаймын. Содан ымырт үйіріліп, ел орынға отыра сүйретіліп мен де жетемін. Әрине, ойыннан әкем өлген жоқ, оны жақсы білемін. Бірақ ойынға айналғанда апамды, үйді аз уақыт болса да ұмытып кететін сияқтымын.»

«Кешкі алагеуім шақта да өзіміздің құбақан ғана төрт қанатты киіз үйді бірден таныдым. Үй жанында бұзауын емізіп, қызыл қасқа сиыр тұр анадай жерде. «Е, апам сиырын сауып болған екен ғой». Үй сыртындағы белегірден тау басында қыстан қалған қардай аппақ болып атамның отары көрінеді. Бәрі де көзімді жұмып елестете алар таныс сурет, таныс көріністер.
— Міне, үйіңе де келіп қалдық, Ақтан батыр, – дейді Сәт ағай.
Әлде кешкі ала көлеңке ме, әлде көзіме жас тығылды ма, жанарым тұманданды.» Толығымен…

Авторы:
20.05.2016

Бұрынғы өткен заманда, дін мұсылман аманда бір тақуа адам өмір сүріпті. Оның отбасы үлкен, үбірлі-шүбірлі болыпты. Үлкендері есейіп, есі кірген шағында тақуа адам балаларын ертіп, шаһарға жол тартады. Ұзақ жол жүріп, арбакешке отырып шаһарға жетеді.
— Адам қандай көп! – деп таң қалады балалар.
Қаланың сәулетіне таңырқаған балалар жан-жаққа қарап,үлгерер емес.
Әкесі:
— Балалар, мұнда келіңдер, – деп шақырды.
Жүгіре-жүгіре барған балалар «Балалар әлеміне» топ етті. Әкесі үйге, балаларға, ұл-қызының анасы, өзінің анасына заттар алып жүрді. Ығы-жығы адамдар ерсілі-қарсылы жүруде. Арасында жүгіріп өте шыққандары да бар. Мыңдаған жандар жүрген шаһарда неше түрлі адамдар кездеседі. Бір кезде топтың арасынан қол-аяғы дірілдеп, тілі сөзге келмеген адамдарға кезікті.
— Әке, мына адамдар неге…
— Балам, бұл адамдардың неге осылай күй кешкенін бір Жаратқан Ием біледі. Әйтседе, бұрынғыдан қалған бір тағылым бар. Алдында жатқан затты еңкейіп, көтеріп алудың орнына аяғымен итеріп тастаған, аттап кеткен, үй жануарларын тепкен жандардың кейін аяғы баса алмай қалады деп айтатын. Құстарға тұзақ құрып, торға түскендерінің қанатын қайырған, жұлған балалардың қолы дірілдеп, ешнәрсе ұстай алмайды, – дейтін. Міне, бүгін осы ақылды мен де сендерге айтамын.
— Әке, анау кісілерді қараңыз.
— Балалар, денсаулығы жоқ адамды ешуақытта қолдарыңмен нұсқап, көрсетпеңдер. Олардың да себебі бар. Ата-анасын бала кезде тыңдамаған, сөз қайтарған балалар осындай күйге түседі. Тілі көгеріп, сөйлей алмайды. Сөйлесе де, оның сөзін ешкім түсінбейді, – дейтін.
— Мына адам неге жылай береді? Шынында, дауыстап жылап отырған адамның жанына барып, халін сұраған әкесі көп жағдайды білді.
— … балалар, ол адам жас кезінде ата-анасына қарамай кетіпті. Қарттар баласын күте-күте мына жарық дүниеден өткен екен. Енді ата-анасының қиналған сәттері елес болып, баласының жанын жеп жатыр. Жанына батқан ауыр азапқа шыдай алмай, өксіп отыр, – деп түсіндіреді адам балаларына ұзақ үнсіздіктен кейін.
Қажетті заттарын алып, ауылына қайтуға базардан шыққан әлгі адам үйге керуен басын іздеп кетеді. Әкесі келгенше балалар тағы бір көріністің куәсі болады. Әншейін кетіп бара жатқан бір адамға көпшілік ұрсып, артынан сөйлеп барады. Әкелеріне осы жайтты үйге кетіп бара жатқанда айтып еді:
— Иә, балапандарым, ол адам менің де жанымнан өте шықты. Көпшіліктің кейпіне қарағанда, жаңағы адам бала кезінде бірге ойнаған ұл-қыздарға әбден қиянат жасапты. Ойыншығын сындырған, жала жапқан, өтірік айтқан, өзінен кішкентай балаларды ренжіткен, тіпті ұрлық жасаған екен. Жәбір көрген адамдардың айтқанын ол сезбейді. Өйткені, құлағы керең, тілі сөйлей алмайды. Құр сүлдері ғана.
Бір күнде кездескен жайттардан көп сабақ алған балалар ешуақытта дәл өздері көрген адамдардай Алла тағаланың қаһарына ұшырамай, мейіріміне бөленетін іс істеуге бекінді.
Ж.Кучукова

Авторы:
20.05.2016

«Тіл —  дәм сезетін, үн шығаратын, сөйлейтін адамның ауыз қуысындағы негізгі мүшесі. Тіл — өзгелермен қатынас жасайтын, пікір алысып, өзара түсінісетін құрал. Тіл — адам үшін маңызды мүше, айрықша қабілет.»

«Адам аузынан шығатын сөздерді әуелі іштей таразылап алуы керек. Тіл деген аманатқа жіті қарап, дұрыс сөйлеп, балағат, жалған, ғайбат, өсек, сөз тасу секілді жаман істерден тілімізді мейлінше сақтайық. Ойнап сөйлесек те, ойлап сөйлейік.»

«Адам көп сөз сөйлеумен емес, айтқан сөздерінің орынды әрі пайдалы болуымен өзінің қадірін арттырып, беделін өсіреді. Керісінше барлық жерде көсіліп, орынсыз сөйлей беретін адам өзі білмейтін тақырыптағы нәрселерді айтқан сайын қателіктерге ұрынып әрі өзінің қадірін түсіреді.»

«Тіл кейде үлкен қиындықтар тудыруы мүмкін. Кейде жылылығымен жыланды інінен шығарса, кейде уын шашып, жазылмас жара салады. Айтылған сөз — атылған оқ. Ешқашан да оны кері қайтара алмайсың. Не нәрсені болсын бұзу оңай, ал жөндеу қиын. Бір дос табуға бір жыл жетпеуі мүмкін, ал досты жоғалтуға бір сағат та жетеді. Сол себепті тілді жаңа достар табуға, ескі достармен қарым-қатынасты одан әрі жалғастыруға қолдануымыз керек, олардың көңілін қалдыратын сөздерден аулақ болғанымыз жөн.»

«Қазақ халқының ұғымында «ғайбат» деп біреудің сыртынан жамандауды айтқан. Түсіндірме сөздіктерде «ғайбат» сөзіне өсек-аяң, жалған сөз деген анықтама берілген.»

«Тіл — тиімді пайдалануға қажет қабілет. Қалтамыздағы ақшаны орынсыз шашпай, жоспарлы түрде қалай қолдансақ, сөзді де үнемді қолданып, орынды сөйлеуіміз керек. Көп сөйлейтін мылжың адамдар сөзін де, уақытын да ысырап етеді.»

«Ата-бабаларымыз тілдің адам көңіліне қалдыратын әсерін «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтер», «Тілмен түйгенді тіспен шеше алмас» деп өте шешен тілмен жеткізген. Тіл жарасы басқа жаралар секілді жазылып кете салмайды, ол кейде өмір бойы жазылмауы да мүмкін.»

Үзінділер «Ғайбат»
кітабынан алынды.

Авторы:
20.05.2016

Ерлігі мұра, ұрпағына ұран болған, жаулары тұлғасын көргенде сескеніп кейін шегінген, бір өзінде арыстанның қайраты, Алла тағаланың берген мықты рухы бар батыр бабаларымыздың қайтпас қайсарлығы, батырлығымен дархан даланы қорғап қалған баһадүрлеріміздің ізбасары деп халқының қаһарман ұлы — Бауыржан Момышұлыны кеудемізді мақтаныш керней айтамыз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университе-тінің (Біз оқыған жылдары С.М.Киров атымен аталатын) журналистика факультетінің бірінші курсын тәмамдап қалған кезіміз. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңы еді.
— Университеттің биология факультетінің мәжіліс жайына жиналыңдар, – деген хабарлан-дырудан соң сабақтан шығып, сол жаққа бардық. Мәжіліс жайы өте үлкен әрі кең екен. Курс жетекшіміз, қазір жазушы, бауыржантанушы Мамытбек Қалдыбаев ағамыз. Өте ақ көңіл, бала мінез тұлға. Бес жыл бойы бірде-біреуімізге дауыс көтеріп сөйлеген емес, сол қоңыр дауыспен бәрімізді баурап алатын.
— Бауыржан ағаларыңмен кездескілерің келетінін білем. Биология факультетінің мәжіліс жайына ертерек келіп, жай-ғасыңдар. Кешігу болмасын. Ағаларың темірдей тәртіпті жақсы көреді. Баукең автограф (қолтаңба) бермейді, қасына келіп, суретке түсеміз деп шулап, батырдың мазасын алмаңдар, – деп ескертті.
Бірінші курс студенттеріне ондай батылдық қайдан болсын? Дәл уақытында келіп, алдыңғы орындарға жайғастық. Университет студентеріне мәжіліс жайы лезде лық толды. Студенттер арасында есімі жиі аталатын жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов, факультет деканы, профессор Темірбек Қожакеев, бүгінде профессор, филология ғылымдарының докторы Намазәлі Омашев, елге танылмал ғалымдар, қаламы қарымды журналистер жинала бастады. Мәжіліс жайы құлаққа ұрған танадай. Батырды күтіп отырмыз. Бізге қозғалуға болмайды. Оқытушыларымыз құтты қонақты күтіп жүр. Сырттан:
— Келді! Келді! – деген сөзді естіген соң, сілтідей тына қалдық.
Дәл уақытында есік ашылып, оң қолын маңдайына қойып, әскери тәртіппен батыр ағамыз кіріп келді де:
— Мен халқыма қызмет етемін! – деді. Толығымен…

Авторы:
20.05.2016

Алматы қаласы Алмалы ауданындағы №15 гимназия жас жеткіншектерді рухани құндылықтар негізінде білім мен өнерді насихаттап отырған ұжым. Гимназиянының директоры Оспанбек Бұлбұл Рысбекқызы:
— Әрбір жас жеткіншек ертеңгі еліміздің болашағы. Мектеп қабырғасында тәрбиеленген шәкірт тарихын, мәдениетін, өнері мен ұлттық құндылығын біліп өсуі қажет, – деп мектептегі үйірмелердің жұмысына үлкен қолдау көрсетіп, іс- тәжірибелеріне жоғары бағасын беріп отырады.
Қазақ халқының дәстүрлі билерін насихаттаушы және оқушыларды би өнерінің қыр-сырына баулыған өнегелі ұстаз әрі «Шолпан жұлдыздары» би үйірмесінің жетекшісі – Есентаева Шолпан Өмірбекқызының ерен еңбегін атап өтуге болады. Өнерлі қыздардан құралған бұл топ Халықаралық «Ғұмырдария» ұйымдастырған «Асыл мұра» халықтық дәстүрлі ән мен жеке аспапта орындаушылардың VI Республикалық ән-би байқауының «Би» жанрынан жеңімпазы атанып, ұстаздар мен ата-аналар мерейін көтерді.
Талабы таудай, қабілет-қарымы мол ізденімпаз жастар көбейіп,адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін үлкен абырой.
Жанна МОЛДАҚҰЛОВА, ата-ана.

Авторы:
20.05.2016

Құрметті біздің сүйікті журналымыз «Мөлдір бұлақ»! Сіздерге жақын досым Армия Нұрсұлтан есімді күйші бала туралы айтқым келеді. 6 жасынан бастап домбыраны қолына алған Нұрсұлтан қазір Алматы қаласындағы № 76 мектептің 4-сыныбында оқиды. Күй өнерінен алғашқы жеті жасында «Жас талант» атты байқауға қатысып, ІІІ-орын иеленген. Содан бері Халықаралық «Ақ көгершін» фести-
валінде арнайы жүлдеге ие болса, былтырғы жылы Латиф Хамиди атындағы байқаудың бас жүлдесін алып, бәрімізді қуантты. Сонымен қатар кеше ғана өткен Наурыз мерекесіне орай республикалық байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды. Және осы байқауда Т.Момбековтың «Салтанат» күйін шебер орындағаны үшін арнайы сыйлыққа ие болып, алдағы үлкен байқауға қатысуға жолдама алды.
Нұрсұлтан қазір ұстазымыз Қадылбекова Айгүл апайымыздан үйренген он үш күйді шебер орындайды. Бізге үйретуші апайымыз атақты Б.Ысқақов, Т.Мерғалиев сынды танымал күйшілерден сабақ алған шебер оқытушы. Болашақта қазақтың күйін әлемге танытып, Қазақстанның мақтанышы болуды армандаймыз!
Темірлан НҰРҒАЛИ,
№ 83 мектеп-гимназияның сынып оқушысы.
Алматы қаласы.

Авторы:
20.05.2016

«Мөлдір бұлақ» журналының редакциясы Жыр алыбы Жәкеңнің туғанына 170 жыл толуына орай Жамбылдың жыр жолдарындағы «Ел бірлігін сақтаған татулықты айт» деген ұлағатты сөзіне сүйене отырып, оқырмандары арасында өткізген шығармашылық бәйгенің жеңімпаздарын марапаттады.
Балалар басылымы ұйымдастырған бәйгеге мыңға жуық шығарма келіп түсті. Шығарма проза, поэзия жанрында жазылып, сурет түрінде ақынның бейнесі салынып жіберілді. Ең үздік жазылған шығармалар иелері жеңімпаз деп табылды. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды.
Жеңімпаздарды Нағашыбек Қапалбекұлы, Ертай Айғалиұлы, Бақыт Жағыпарұлы, Нұрдаулет Ақыш, Кеңес Оразбекұлы сияқты қаламгерлер, Анарбай Бұлдыбай, Темірхан Тебегеновтей ғалымдар, Қазақ Мемлекеттік Қыздар университеті ректоры Динара Жүсіпәліқызы Нөкетаеваның атынан Ермек Иманбаев, Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ермекбаева Гүлнар және Жамбыл бабамыздың шөберелері Мұратхан мен Бекмұрат Жамбылов марапаттады. Марапаттауды «Қазақстан-ZAMAN» ЖШС Бас директоры Серкан Хастүрк қорытындылады.
«Жыр алыбы Жәкең» дегенде ең алды-
мен көз алдымызға Алатаудай асқақ бейнелі абыз қарт келеді. Оның өлең жолдарын мұқият оқығанда, кемел келе-шекке сара жол салып кеткенін бүгінгі ұрпақ, біз, таңдана, тамсана айтамыз. Толығымен…

Авторы:
20.05.2016

Айжанда бүгін мерекелік көңіл-күй қатты біліне қоймады. Баласының жабырқаулы көңіліне алаңдады ма, анасының жүрегі шым ете қалды… Бір уақытта арғы бөлмеден «Анашым!» деген дауыс естілді, бойы орташалау келген, көзі қоңыр, күлімсіреп қалған кішкентай баланың бейнесі көрінді. Баласының жақындағанын сезген ана, демде көзінің жасын сүртіп алды.
— Құлыным! – деп ұлын құшақтап, маңдайынан иіскей бастады.
— Анашым?
— Айта ғой, балапаным?
— Кешкісін мектептен қайтар жолда ойнап жүрген балалар, менің бұл үйдің туған баласы еместігімді айтып күле бастады, сіздің кұрсағыңыздан туылмасам да, мені бағып- қаққан, өсірген сіз емес пе? Олар неге олай айтады?
…. ия, осыдан 7 жыл бұрын, дәл осы күз айында Айжан дәрігер қабылдауында болып, өзінің бала сүйе алмайтынын естіген болатын. Жанын қоярға жер таппаған жас келіншек көп күтпей-ақ, осы Арманды балалар үйінен асырап алған. Жан жарасының шипасына айналған баласын Айжан ерекше мейіріммен тәрбиелеп өсірді, тіпті бір рет те бетін қағып, ұрысып көрмеген-ді. Бірақ, күтпеген жерден Арманның туған ата-анасынан балаларын қайтадан өз тәрбиелеріне алғысы келетіні жөнінде хабар келеді. Кеудесіндегі соғып тұрған жүрегімен тең, керек десең одан да артық болған баласынан айырылу, ол үшін үлкен соққы болып тиді. Айжанның көз алдына ең алғаш Арманды қолына алғаны, былдырлап тұрған бал тілінен шыққан сөздері, сәби күлкісі, жетектеп мектеп табалдырығынан аттатқаны елестей берді. Бүгінде сол кішкентай балдырғанның тағдыры олар үшін ойыншық болғаны ма?! Толығымен…

Авторы:
20.05.2016

Елімізде, жүз емес, ғұмыр жасы одан асқан қарттарымыз бар. Жүздесу сәті Хабиба апаға түсті.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, атақты әнші Жүсіпбек Елебековтің жары Хабиба апайға телефон шалдық. Тұтқаны дауысы ашық, жайдары апа алды.
— Сәлеметсіз бе! Әнші Жүсіпбек Елебеков ағамыздың шаңырағы ма?
— Дәл түстің, құлыным. Әдетте әртіс апамды іздеген адамдар бірден: «Хабиба Елебекованың пәтері ме?» – деп сұрайтын. Сендер үй иесінің есімін атадыңдар, Алла жар болғай.
Бір күн өткен соң, жүз жасаған кейуананың есігін қақтық. Кеше сөйлескен апай бізді ескі танысындай қарсы алды.
— Япырай, десеңші! Апам ешкімге сөйлесуге рұқсат бермеп еді, «Мөлдір бұлақ» балаларға арналған журнал деп едім, елең етіп қалды.
Хабиба апаның бөлмесіне кіріп, сәлем бердік. Тік отыр.
— Қарақтарым, қазіргі заман тамаша заман! Барлығы бар, соған шүкіршілік етейік. Менің балалық шағым ашаршылық жылдары өтті. Отбасындағы ата-анам, бауырларым аштықта көз жұмды. Менің Дәлила Оңғарбаева есімді әпкем болған. Әнді тамаша айтатын. Мәскеуге барып, ән салған. Қалибек Қуанышбаев, Жүсіпбек Елебеков сынды өнер адамдары ауылдан таланттарды іздеп шыққан екен. Мен солардың сынынан өтіп, 1935 жылы 19 жасымда М.Әуезов атындағы драма театрына әртіс болып орналастым. Кейіннен Жүсіпбек аталарыңмен шаңырақ көтердік. Төрт перзент сүйдік. Қазір Естай есімді ұлым бар. Толығымен…