Айтарым бар

 

Жүніс Бақыт Айдосқызы

«Облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балалларды қолдау орталығы» 

Алматы қаласы, КММ, №70 жалпы білім беретін мектептің 10 «Ә» сынып оқушысы

Өмірге ғашықпын

Тірлікке ғашықпын мен,

Келеді өмір сүргім.

Сәттерін жазғым келді,

Сіздерге көңіл сырдың.

 

Өмірге ғашықпын мен,

Құштармын гүл көктемге.

Өлімнен қорықпаимын,

Қорқамын дүрмектерден.

 

Өмірдің мәнін білмей,

Өтуден именемін.

Бос келіп, босқа кетсем,

Мазасыз күйге енемін.

 

Өмірді жақсы көрем,

Ащысын, тұщысын да.

Мойымай сынақтардан,

Жаз жаңбыр, Қыс қысын да.

 

Тәрбиеші анаға мың алғыс

Ана орнына ана болған,

Мәпелеген аялаған.

Сен бастың бауырыңа,

Өзіңді саялағам.

 

Қырандай жайып қанат,

Ұшуға талпындырған.

Алдымды жарқыраттың,

Жол салып алтын нұрдан.

 

Ауырсам, мұңайсам мен,

Айналып үйірілген.

Ұстазым ұршық сынды,

Мен жіппін иірілген.

 

Ақылшым, ақ бастауым,

Білдірген білім бізге.

Қамқор боп қарап жүрген,

Күніміз, түнімізге.

 

Тәрбие тәлім беріп,

Ұшырар ұямыздан.

Мың алғыс тәрбиешім,

Өтеміз қиямыздан.

 

Балалар үйі

Айнала толы балаға,

Бірі ақ, бірі қара ма?

Жүздерінде күлкі,

Сан ойлар жатыр санада.

 

Көздерінде  мұң толы,

Бұл балалар ерекше.

Көкірегімде жыр толы,

Жазатын кезім емес пе?!

 

Ата-ананың орнында,

Қамқоршым бар қарайтын.

Көп балалы отбасы,

Анасына балайтын.

 

Қамданамын

Сезесің бе, жүректегі дауылды,

Көресің бе, көзімдегі жауынды?

Жан дүнием өртенеді кей кезде,

Туған үйді, аңсаған да ауылды.

 

Қайғы мұңға салынбаймын алайда,

Тағдыр бізді жолықтырды арайға.

Көз алдымда бақытқа жол тартылған,

Қалмау үшін қамданамын қалайда.

 

Жүрек сыры

Сырым қалың жасырайын несіне,

Көп нәрселер оралады есіме.

Толғап-толғап айтқым келер шешіле,

Сөйлеп кейде кете алмаймын көсіле.

 

Жасыратын жан емеспін бұйығып,

Ақ қағазға жазғым да бар құйылып.

Білім алсам, оң-солымды танысам,

Қалам алам бір Аллаға сиынып.

 

Өмір солай, жоспарыма көнбейді,

Жүрек кейде қол жетпеске шөлдейді.

Менің жарқын болшағым шақырды,

Көкірекке жаққан шамым сөнбейді.

 

Жүрек таза, көкірегім оянған,

Тіршіліктен, ұстаздардан ой алғам.

Менің жаным суретшінің көрмесі,

Алуан-алуан түстерменен боялған.

 

Мен ешкімнен кем емеспін, адаммын,

Өр намыспен, ізгіліктен жаралдым.

 

Анам – отан, әкем – халық қамқоршым,

Қажетінен шығам ертең заманның.

 

 

ПІКІР ЖАЗУ