Жарайсың Айғаным!

Елордалық гимнасшы Айғаным Рысбек халықаралық турнирде күміс пен қола жүлде иегері атанды. Қытайдың Бейжің қаласында өткен халықаралық турнирде ел намысын қорғаған астаналық жас гимнасшысы Айғаным Рысбек тамаша нәтиже көрсетіп, екі жүлделі орынға ие болды.

Аталмыш жарысқа 30 елдің үздік гимнасшылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Айғаным жоғары шеберлік танытып, доп жаттығуы бойынша 24,25 балл жинап, қола медаль, ал лентамен орындаған бағдарламасы үшін 25,75 балл жинап, күміс медаль иеленді.

Айғанымның жаттықтырушысы – Меруерт Балғынбаева, ал хореографы — Сая Айдыс.

ПІКІР ЖАЗУ