Өнерлінің өрісі кең

Ұстазға
Кішілерге үйретем,
Білгенімнің барлығын.
Сізден алған біліммен,
Босқа өтпейді әр күнім.
Ұзақбай Нұрсая
«Зерде » -танымдық үйірмесі
Жетекшісі : Хамитова Тынышгул Есеновна

Құстар
Құстар- біздің досымыз,
Қуантамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап, ұқыптап,
Біз оларды қорғаймыз.
Бекболсын Заңғар
«Зерде » -танымдық үйірмесі
Жетекшісі : Хамитова Тынышгул Есеновна

Ақылды баламын
Таудай биік талабым,
Мен ақылды боламын.
Бастауышта оқимын,
Болсын сәтті қадамым.
«Зерде » -танымдық үйірмесі
Шораева Рашида
Жетекшісі : Хамитова Тынышгул Есеновна

Кітап
Кітап –білім бұлағы,
Кітап-өмір шырағы.
Кітапты оқып балалар,
Білімді боп шығады.
«Зерде » -танымдық үйірмесі
Орынбек Зере
Жетекшісі : Хамитова Тынышгул Есеновна
