«Тарихқа тағзым — тазалықтан басталады»

Жас ұрпақтың caнacынa ұлттық құндылықтapды ciңipу, оларды ұлттық pухпeн тәpбиeлеу, сондай-ақ тарихын білуіне, eлiнe, жеріне дeгeн cүйicпeншiлікті apттыру маңызды міндет. Кейінгі ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде рухани құндылықтармен қатар тарихи сананы да тереңінен сіңіру керек». Бұл — тарихты тануға ұмтылған ақтөбелік жастардың ұстанымы. Біздің ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін жанын беріп, жеңіске қол жеткізді. Біз олардың ерлігін ұмытпауымыз керек.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы «Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш жанында «Тарихқа тағзым – тазалықтан басталады» атты эко-патриоттық акция өтті. Халық Қаһарманы Талғат Бигелдинов – Екінші дүниежүзілік соғыста екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанған жалғыз қазақ ұшқышы. Оның ерлігі – бүгінгі ұрпақ үшін өшпес өнеге. Батыр рухына тағзым ретінде ескерткіш маңында тазалық жұмыстары жүргізілді. Оған жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара аясында оқушылар ескерткіш маңындағы саябақ аумағын тазалап, одан кейін олар үшін ата-бабалар ерлігіне құрмет пен тарихи жадының маңызын түсінуге бағытталған тарих сабағын тыңдады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік идеологиясының негізгі ұстанымы – Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Ұлттық идея мен мемлекеттік идеология тұрғысынан қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі өзегі ұлттық патриотизм болып табылады. Осы орайда «Бүгін біздің жетекшілігімізбен оқушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, ескерткіш алдына жиналды. Балаларға соғыстың ауыр тағдыры, майдангерлердің ерлігі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ашық тәрбие сағатын өттік.
Осыдан кейін оқушылар ауладағы ағаштарға құстарға арналған ұялар іліп, сенбілік ұйымдастырды», — деді №56 мектеп лицейінде тарих және құқық пәні мұғалімі Дәуірхан Сәрсен.

2025 жылдың басты оқиғасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы. Әрбір республика фашизмді талқандауға өзінің баға жетпес үлесін қосты және ТМД-ның бүкіл кеңістігіндегі әрбір отбасында бүгінде Отанды қорғауға келген, майдан даласынан оралмаған, тылдағы жанқиярлық еңбегімен Ұлы Жеңіске қол жеткізген адамдар туралы естелік бүгінге дейін сақталуда.
Біздің елдер соғыс жылдарында ондаған миллион азаматтан айырылды. Майдан даласында қаза тапқандардың арасында барлық ұлттардың жауынгерлері болды.
Ұлы Жеңіс мерекесі — Ұлы Отан соғысының тарихи жадын сақтау және оны келесі ұрпаққа беру ниетімен біріктірілген бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының жалпы тарихының маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында осы айтулы оқиғаны мерекелеуге дайындық шаралары басталып, мерейтойлық күнге қарай оларды өткізудегі белсенділік арта түседі.
Бейбіт уақытта өмір сүріп жатқан ұрпақтар, өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған ардагерлерге алғыс ретінде 2024 жылы ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесі «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы» бірыңғай мерейтойлық медалін белгіледі.
Бүгін, фашизмге қарсы күресте өз өмірін қиғандардың жадын қорлау әрекеттері күшейген кезде, өткен соғыс туралы тарихи шындықты сақтаудың маңыздылығы ерекше өзекті болып табылады. Патриотизм – Отанға, туған жерге, өзінің мəдени ортасына деген сүйіспеншілік. Адамның бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің əдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриоттық құндылықтар тал бесіктен бойымызға сіңе бастайды. Акцияның мақсаты да — өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты, қоршаған орта мен тарихи-мәдени мұраға ұқыпты көзқарасты қалыптастыру болды. Патриоттық тәрбиенің мақсаты жас ұрпақтың жақсы қасиеттерін қоғам мен мемлекеттің мүддесі үшін жұмсауға қалыптастыру болып табылады. Патриоттық тәрбиені беру – қоғамымыздың ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Бұл сөздер өткенді емес, болашақты меңзейді. Қаһарман батырларымыздың ерліктерін ешкім де ешқашан ұмытпайды. Ұлы Отан соғысы жылдары – тарихтың тек драмалық қана емес, жаугершілік те заманы болып саналады. Өйткені Отан үшін от кешкен миллиондаған адамдардың жауынгерлік ерлігі мен жанқиярлықтың үлгісі дәл сол жылдармен тығыз байланысты. Сондықтан да біз ол жылдардан алыстаған сайын, соғыстың тарихи мәні мен маңызын тереңірек түсінеміз. 9 мамыр қанды майданнан оралмай, еліміз үшін сенімді қорған бола отырып, жеңіске жету үшін күрескен ата-бабаларымызды еске алу күні. Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардың мақсаты жастардың ардагерлерге, аға ұрпаққа деген құрметті көзқарасын қалыптастыру, өз елінің тарихына деген қызығушылығын, патриоттық және туған жеріне деген мақтаныш сезімін ояту. Ұлы Отан соғысындағы ерліктер жылдан-жылға алыстап барады десек те, ол туралы талай-талай естеліктер мен жыр-дастандар жазылуда. Дүниежүзін фашизм езгісінен азат еткен халықтың жауынгерлік ерлігін адамзат ешқашан да ұмытпайды. Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының зардабы тимеген шаңырақ жоқ десе де болады. Зұлмат соғыста қазақ халқы талай боздақтан айырылды. Батырларымыз қан майданда толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандығымен ерлік көрсете білді. Олардың жасаған ерліктері мен өнегелі істерін жас ұрпаққа жеткізу – басты парызымыз.
Г.ТҰРСЫНҚОЖА




