Алақай, жазға демалыс!

Балалар лагеріндегі жазғы демалыс-бұл демалысты өткізудің тамаша тәсілі, онда балалар көңілді демалып, көкжиектерін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамыта алады, жаңа білім, Дағдылар алады, жаңа балалармен және ересектермен тез тіл таба алады. Жазғы демалысқа шыққан оқушылардың ата-аналарын лагерьлердің жұмыс жасауы мен жазғы демалыстың ұйымдастырылуы алаңдатады. Көп жағдайда  балаларға арналған жазғы демалыс қала сыртындағы лагерьлерде өтеді. 

Астанада 2025 жылы, алдыңғы жылдардағыдай, балаларға арналған көптеген жазғы лагерьлер жұмыс істеуде. Лагерьді таңдау баланың жасына, қызығушылықтарына және қалаған демалыс түріне байланысты. Әр түрлі пәндерді терең зерттейтін сауықтыру, спорттық, шығармашылық, тілдік лагерлер мен лагерлерді бөліп көрсетуге болады. Жазғы демалысқа өтініштерді қабылдау, әдетте, көктемде басталады және оларды мемлекеттік қызметтер порталы немесе АХҚО арқылы беруге болады. Астана қаласы әкімдігінің №101 орта мектебінде ұйымдастырылған жазғы Hogwarts лагері аясында «Ұлттық тәрбие – ұрпақтар мұрасы» атты тақырыптық күн өтті.
Іс-шара аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен заманауи ақпараттық технологияларды ұштастыра отырып, балалардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған бірнеше шеберлік сағаты мен интерактивті сабақтар ұйымдастырылды. 6 жастан 13 жасқа дейінгі 1-7 сынып оқушылары қамтылды.
Физика, информатика және робототехника пәндерінің мұғалімі Айтжан Әбілмажинов жетекшілік ететін бағыттар – дрон құрастыру, VR құрылғыларымен жұмыс және дронды симуляторда басқару. Ұстаздың айтуынша, бұл бағыттар балалардың тек қызығушылығын ғана емес, техникалық ойлау мен қауіпсіздік дағдыларын дамытуға көмектеседі:
«VR құрылғылары арқылы балалар шынайы өмірде шектеулі әрекеттерді виртуалды ортада еркін жасай алады. Ал дрондармен жұмыс барысында олар оның құрылымын да меңгереді. Қалақшалар дұрыс орнатылмаса, дрон ұшпайды – осының бәрін тәжірибе жүзінде түсіндіреміз», – дейді ол.
Қыш өнері бойынша шеберлік сабағын көркем еңбек пәнінің мұғалімі Еркебұлан Мауянов жүргізді. Ол бұл істің тек сұлулық емес, тәртіп пен мұқияттылықты қажет ететінін атап өтті:
«Сазбен жұмыс баланың ұсақ моторикасын дамытып қана қоймай, оның қиялы мен ішкі эмоциясын еркін білдіруіне мүмкіндік береді. Бала материалды қолымен сезініп, ойын көркем түрде жеткізуге тырысады», – дейді ұстаз.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бауыржан Томашев жетекшілік еткен асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындарға балалар зор қызығушылық танытты:
«Қалалық ортада өскен балалардың кейбірі бұл ойындармен алғаш рет танысып жатыр. Дегенмен қызығушылықтары жоғары», – дейді ұстаз.
Hogwarts жазғы лагері балаларға пайдалы білім беріп қана қоймай, олардың шығармашылығын, техникалық сауаттылығын және ұлттық құндылықтарға деген құрметін дамытуда. Екі маусымға жоспарланған бұл лагерьге жүздеген бала қатысып, екінші ауысымға қайта келіп жатқан балалар саны жобаның сәтті жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Оқу жылын аяқтап, жазғы демалысқа шыққан жеткіншектер бос уақыттарын «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерьлерінде өткізуде. Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, биыл 1–10 сынып аралығындағы 210 мыңнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтылмақ. Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы 11 мыңнан астам бала лагерьлерде тегін демалуға мүмкіндік алады. Бұл ретте балалалар үшін бейінді, мектеп жанындағы лагерьлер, тақырыптық жобалар, қала сыртындағы лагерьлер сынды бірнеше бағыт бойынша демалыс орындары ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, 10-нан астам қосымша білім беру ұйымының базасында қолданбалы өнер, шет тілдері және жүзу бағыттары бойынша қысқа мерзімді үйірмелер де ашылған. Назым Қайрат, тілші: — «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагеріне келген балалардың таңы осындай көңілді жаттығудан басталады. Бұлшықеттерін шынықтырып, билеп, алдағы танымдық шеберлік сағаттарына дайындалады. Одан кейін ұлдар ағаш ойып, ұсталық кәсіптің қыр-сырына үңілуге көшсе, қыздар тұскиіз тігіп, оюдан өрнек өруді меңгереді. Жұлдыз Әлжанова, Шерхан Мұртаза атындағы №63 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі: — Бұл жерде оқушылармен бірге тұскиіз жасауды үйренеміз. Қалдықсыз жұмыс жасау, табиғатқа зиян келтірмеу, балаларға үнемділік және балалар түстердің сәйкестігін үйретеді, оны дұрыс орналастыруды үйренеді. Біз келген Шерхан Мұртаза атындағы №63 мектеп-гимназиясындағы жазғы лагерьге бір айдың ішінде 600-ге жуық бала қатысқан. Әлия Басымбек, Шерхан Мұртаза атындағы №63 мектеп-гимназиясының оқушысы: — Бүгін менің лагерьге келіп жатқаныма 5-ші күн. Маған қатты ұнайды. Өйткені біз кинотеатрларға барамыз және аквариумға барамыз. Мәди Серікұлы, Шерхан Мұртаза атындағы №63 мектеп-гимназиясының директоры: — «Кітап лайк» және «Дос болайық» бағдарламасы қарастырылған. «Дос болайық» бағдарламасын көбінде спорттық шараларға, ұлттық ойындарға эстафеталарға байланысты бағытталған болса, «Кітап лайк» бағдарламасына қарай біз көбіне қолөнерге ою-өрнектер жасау секілді бағыттарды алдық. 1-7 сынып оқушыларына негізделген лагерь тамыз айына дейін жұмыс істейді. Балаңыздың денсаулығын нығайтып, ұлттық спортқа, салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттырып, бос уақытын тиімді өткізуді көздесеңіз, «Балдәурен» лагеріне жіберіңіз. Қатарластарымен уақытты қызықты өткізері анық.
10 маусым күні «Кәсіптік квест – Лагерь 2025» бағдарламасы аясында Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» жанындағы жазғы лагерь оқушылары Астана қаласының Полиция департаментіне танымдық экскурсия жасады. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға құқық қорғау органдарының қызметі туралы түсінік беру, құқықтық сауаттылықты арттыру және болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру. Экскурсия барысында балалар тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысы, арнайы жабдықтар мен техника, қызметтік бөлмелермен танысты. Шара балалардың патриоттық сезімін оятып, заңға құрметпен қарауға, қоғамдағы жауапкершілікті сезінуге септігін тигізді. Сонымен қатар елорда мектептерінде «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» атты жазғы лагерьлер жұмыс істеуде. Оған кез келген мектеп оқушысы тегін қатыса алады. Әсіресе, ұлттық тәрбиені заманауи біліммен ұштастырған этнолагерлер  ерекше сұранысқа ие. Онда оқушылар өз қолдарымен ұлттық бұйымдар жасап, көне ойындарды ойнап, заманауи ғылым мен технология бағытында білім алады.

 

ПІКІР ЖАЗУ