Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі

Ұлт салауаттылығы – бұл қоғамдық құндылық. Салауатты өмір салты – жалпы ұлт денсаулығының негізі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты, сондықтан салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Жастардың өзін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру үшін қажетті аса маңызды қасиет – ол салауаттылық. 

Астанада 12-18 мамыр аралығында Репродуктивті денсаулық апталығы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, сондай-ақ салалық мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың қатысуымен жүзеге асырылды. Апталық аясында медициналық мекемелерде, мектептерде, колледждер мен жастар орталықтарында алдын алу шаралары өтті. Апталықтың басты мақсаты – халықтың, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулық, аурулардың алдын алу және вакцинация мәселелері жөніндегі білім деңгейін арттыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев репродуктивті денсаулық мәселесіне айрықша мән беріп, отбасы институтын нығайтуға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Аңсаған сәби» бағдарламасын атап өтуге болады. Бұл бағдарлама репродуктивті денсаулық саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Ұрпақты болу денсаулығының республикалық апталығы халықтың ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпараттық-ағарту жұмысын күшейту мақсатында өткізіледі. Апталық бейінді мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қамқорлығымен өтуде. Ұрпақты болу денсаулығы апталығы салауатты және хабардар қоғамды қалыптастырудағы маңызды қадам болады. Ол өзекті мәселелерге назар аударуға және халықтың репродуктивті денсаулық мәселелері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Апталықтың басты мақсаты – халықтың, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулық, аурулардың алдын алу және вакцинация мәселелері жөніндегі білім деңгейін арттыру.

«Адамның репродуктивті денсаулығы – жай ғана басымдық емес, қоғамның әл-ауқатының негізі, келешек ұрпақтың денсаулығы және ұлттың тұрақты дамуының кепілі», — деді Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.

Бүгінде Астанада 10-29 жас аралығындағы жастарға қызмет көрсететін 12 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. 2024 жылы бұл орталықтарға 110 мыңға жуық жас жүгінген. Олардың 59%-ы – қыздар, 41%-ы – ұлдар. Бұл жастар арасында мұндай бастамаларға сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.

Апталық барысында адамның папиллома вирусының (АПВ) алдын алуға ерекше назар аударылып отыр. Бұл вирус жатыр мойны обырының дамуымен тікелей байланысты. Қазақстанда 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыз балаларға АПВ-ға қарсы екпе салу басталды.

Астананың бас штаттан тыс гинекологы, медицина ғылымдарының кандидаты Зайтуна Хамидуллина жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Бүгінде АПВ-ға қарсы вакцинация – обырмен күрестегі тиімді әрі ғылыми негізделген әдіс. Екпе неғұрлым ерте жасалса, болашақ қазақстандық әйелдердің қорғаныс деңгейі соғұрлым жоғары болады», — дейді ол.

Жалпы жұмыс аясында жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, сондай-ақ оның қазіргі заманғы алдын алу әдістері кеңінен талқылануда. Дәрігерлер қауіпсіз, тиімді әрі қолжетімді контрацепция тәсілдері туралы ақпарат беруде.

Апталық аясындағы басты бағыттардың бірі – болашақ ата-аналардың денсаулығын нығайтуға бағытталған бала көтеруге дейінгі дайындық. Бұл – дәрігермен кеңесуді, қажетті тексерулерден өтуді, вакцина алуды және дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік пен зиянды әдеттерден бас тарту секілді салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтиды. Мамандардың айтуынша, ата-ананың денсаулығы болашақ баланың денсаулығына тікелей әсер етеді. Сондықтан отбасын жоспарлау бөлімдері алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында өз жұмыстарын жалғастырып, қала тұрғындарын қауіпсіз әке-ана болу мен контрацепция мәселелері бойынша кеңес беруде.

«Әрбір азамат өз репродуктивті денсаулығы туралы ақпарат алуға және сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізуге құқылы. Біздің мақсатымыз – жауапты, саналы әрі дені сау қоғам қалыптастыру. Өйткені әр адамның денсаулығы – бүкіл ұлттың денсаулығы», — деді Әлия Рүстемова.

Репродуктивті денсаулық апталығы – бір реттік шара емес, бұл қоғамдық денсаулықты нығайтуға, жастарды қолдауға және дені сау отбасы құруға жағдай жасауға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Шараға Жастар денсаулық орталықтарының басшылары, МСАК, МЦО акушер-гинекологтары, еріктілер қатысты. Іс-шарада репродуктивті денсаулықты сақтау бойынша өзекті мәселелер, жастар денсаулық орталықтарында жүргізіліп жатқан жұмыстар, жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын сақтаудағы отбасының рөлі, волонтерлердің «тең-тең» қағидаты бойынша жүргізетін жұмыстары туралы айтылды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook желісіндегі парақшасында: “…Репродуктивті денсаулық апталығы жасөспірімдер мен жастар арасында репродуктивті денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, жыныстық қатынасқа ерте түсу салдарлары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралуы және АИТВ жұқтырған жаңа жағдайлардың көбеюінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылуда…

Кәсіби қауымдастықтарды, бұқаралық ақпарат құралдарын және қоғамдық пікір көшбасшыларын ақпараттық науқанды қолдауға шақырамыз. Болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін апталық шеңберінде өтетін іс-шараларды кеңінен жариялап, шынайы әрі пайдалы ақпаратты таратайық! Апта аясында еліміздің барлық өңіріндегі жастар денсаулық орталықтарында және бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында ашық есік күндері, тақырыптық дәрістер, тренингтер, интерактивті сессиялар мен мамандардың қатысуымен онлайн-вебинарлар ұйымдастырылады.

Қазіргі таңда елімізде 10–29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастарға медициналық және профилактикалық көмек, психологтардан, әлеуметтік қызметкерлер мен заңгерлерден кеңес алуға мүмкіндік беретін 103 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді.

Денсаулық – хабардарлықтан басталады. Келіңіздер, репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа бірге айналдырайық!” деп жазды.  

Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпараттық-ағарту жұмыстарын күшейту мақсатында өткізіледі. Іс-шара бейінді мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өтеді. Апта өзекті мәселелерге назар аударуға және халықтың репродуктивті денсаулық мәселелері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл салауатты және ақпараттандырылған қоғамды қалыптастырудағы маңызды қадам. Неліктен бұл маңызды? 1. ЮНФПА мәліметтері бойынша, 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 60% — дан астамы жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың және қалаусыз жүктіліктің алдын алу әдістерін білмейді және 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің тек 9% — ы АИТВ жұқтыру жолдары туралы кешенді білімге ие. 2. Қазақстанның ересек тұрғындары арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) таралу деңгейі ресми статистика деректерінен 3,5 есе асады. Жасөспірімдер арасында АИТВ-ның жаңа жағдайлары 2017 жылы 37-ден 2023 жылы 66-ға дейін өсті. АИТВ-инфекциясының жыныстық берілу жолының ұлғаюы байқалады. 3. Жатыр мойны обыры Қазақстандағы әйелдер арасында ең көп таралған екінші қатерлі ісік және вакцинация арқылы алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік болып табылады. Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы диагноз қойылады және 600-ге жуық әйел осы аурудан қайтыс болады.

ПІКІР ЖАЗУ