Шуағын төккен бастауыш

Міне, бастауыштың да соңына келдік. Бастауыш сынып мектеп қабырғасындағы жылдардың бастамасы. Бастауыштың ірге тасы берік қаланса қалғаны жақсы болады деп айтады ғой. Тарыдай болып кіргеніміз есімде.
Менің есімім Нұрай, мен 4 “А” сынып оқушысымын. Бізге әріп танытып, білім үйреткен сынып жетекшіміз Саягүл Ғаламатқызы. Ол өзінің бойындағы білімі мен қабілетін 4 жыл бойы бізге арнады. Міне енді бізді қанаттандырып, жоғары сыныпқа қарай қадам бастырып жатыр. Шуағын төккен бастауыштың осы 4 жылы керемет естеліктерге толы өтті, рақмет, рақмет мектебім, рақмет ұстазым!
Енді міне, ең алғашқы ұстазымызбен қоштасатын уақыт таяп қалды. Ол кісі тек сынып жетекші ғана емес, бізге дос бола білді.
Бізді ұйымшылдыққа, дұрыс қарым-қатынас жасай білуге, жақсы дос бола білуге толығымен үйретті десем артық айтпағаным. Ал сыныптастарыма алдағы уақытта тек сәттілік тілеймін!
Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектептің барлық бастауыш сынып мұғалімдеріне алғысымды айтамын.
Сабыржан Нұрай, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы Д.Бабаев атындағы
№115 жалпы білім беретін мектептің
4 «А» сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ