Талаптыға нұр жауар

Анашым

Анамшым дүниеге әкелген,
Ақ сүтімен өсірген.
Қанша тентек болсамда,
Мейіріммен кешірген.

Алысқа қыдырып кеткенде,
Сағынып жүрем мен сені.
Әр қашан да қасымда,
Қорғанымсың еңселі.

Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның күнмен тең.
Қуат алып өзіңнен,
Деп келемін түрленсем.

Ерғанат Нұрсая, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Сарыкемер мектеп-гимназиясының 3 «А» сынып оқушысы

 

Наурыз

Қош келдің менің Наурызым,
Елім менен жеріме!
Халық күткен бақ-ырыс,
Келіп қалды Наурыз.

Күлімдеген көктемде,
Шуағын шашқан Наурыз.
Гүл-бәйшешек ашылды,
Жасыл желек тауымыз.

Наурызбен құттықтап,
Туысқандар көрісті.
Көшелерде көп кісі,
Құсқа толды көл үсті.

Орынбай Айару, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Сарыкемер мектеп-гимназиясының 4 «В» сынып оқушысы

 

Анама алғыс!

Анашым сізге мың алғыс,
Мені аялап баққаныңыз үшін,
Еңбекпен нанды тапқаныңыз үшін,
Бар әлемнің шуағын шашқаныңыз үшін!

Анашым сізге мың алғыс,
Шашымды өріп тарағаныңыз үшін,
Көңіліме қарағаныңыз үшін,
Адам деп мені санағаныңыз үшін!

Анашым сізге мың алғыс,
Үлкенді сыйла дегеніңіз үшін,
Ізгілікті ойыма құйғаныңыз үшін,
Кемшіліктерден тиғаныңыз үшін!

Дәулетхан Балжан, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Сарыкемер мектеп-гимназиясының 4 «В» сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ