Республика күні – Ұлттық мереке

Республика күні — бұл күнді сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап, найзаның ұшымен, білектің күшімен тәуелсіздікке қол жеткізді. Он үш жылдан кейін қайта оралған мереке бүгінгі күн барша қазақ елі үшін қуанышты жайт.
Республика күні –нағыз қазақтың кеудесі қуанышқа толы болатын,халықтың думандатып тойлайтын, мерекелік көңіл-күй орнайтын, сыйлайтын айтулы күн.
Елім деп еңіреп,жұртым деп жамырап, жан қиған қазағымыз ежелден еркіндік аңсаған.Сондықтан қазірге дейін Қазақстан көптеген қиындық жолдардан өтті деуге болады, себебі өзінің егемендігін, тәуелсіздігін жариялау үшін қаншама қаракөз апаларымыз, боздақ бозбала ағаларымыз кеудесін оққа тосты, жан кешті. Осы уақыттан кейін Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
Еліміздің көркейіп, өркендеуіне бұл кісінің қосқан үлесі орасан зор. Жазық далаға ел жүрегі –Астана қаласын салып, оны әлем жұрты танытты. Тарихымыз шежіреге толы, байлығымыз жер астында,қазақтың байтақ даласын да Менделеев кестесінің 99 элементтері орналасқан. Ауыз толтырып айтатындай біздің байлығымызға бүкіл әлем қызығады әрі көз тігеді.Қазір жерімізде ынтымағы жарасқан өзге ұлт өкілдері тұрады.Дүниежүзі елдерімен достығымызды жарасқан, бірлігіміз біте қайнасқан. Құшағымыз қай кезде де айқара ашық,шекара сыртында шетел асып жүрген өз қандастарымызды да сыртқа теппей, бәрін де жылы қарсы аламыз.Қазақтың кең байтақ жері –қандай кең болса, көңілі де –дархан даланың кеңдігіндей!Өзге елдің озық тұсымыз да осы болып тұр.
Республика күні — бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам. Республика күні – еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі. Ұлттық мереке деп – тарихи маңызы жоғары, Қазақстанның мемлекеттігіне ерекше ықпал еткен оқиғаларды атаймыз.
1990 жылы 25 қазан күні ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Қаулысымен Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл декларацияның қабылдануымен Қазақстанның егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді.
5 жылдан кейін 18 қазанда ҚР Президенті Жарлығымен 25 қазан – Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі — Республика күні, деп жарияланды.2009 жылдың 22 сәуірінен бастап Республика күні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен аталып өтпейтін болды. 13 жылдан кейін, яғни, 2022 жылдың 29 қыркүйегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Республика күні» мерекесіне Ұлттық мереке мәртебесін қайтарды.
Егеменді мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары ретінде мыналар белгіленді: біртұтас мемлекет, аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, қазақ халқының және Қазақстанның басқа да халықтарының өзіндік мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту.
Республика күні – ұлттық мейрам. Республика сөзі латын тілінде «ортақ іс»-деген мағына береді.
Әлемге көз салсақ республика күнін тойлайтын елдер қатары жетіп артылады. Мәселен, 1 қазанда Қытай Халық Республикасы өзін Республика деп жариялады. Сол мемлекеттік мереке Қытайда ең жоғарғы мереке болып саналады. Италия мемлекеті де Республика күнін дүбірлетіп тойлауға құмар халық. Посткеңестік мемлекеттердің біразы ресми декларациялары қабылданған күнді Республика күні ретінде атап өтеді. Оның ішінде Әзербайжан мемлекеті де бар. Ал бауырлас Түркия мемлекеті Республика күнін біз секілді қазан айында атап өтеді. Себебі 1923 жылы 29 қазан күні елдің тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік ел конституциясына өзгерістер енгізіп, Түркия Республикасы деп жариялаған. Анадолы жерінің бас мерекесі жыл сайын сән-салтанатпен тойланады. Республика күні елдің әрбір үйінде, мектептер мен емхана, дүкендерге мемлекеттік ту ілінеді. Осылайша, түрік халқы бұл күнді қастерлеп, үлкен той-думанмен атап өтеді.
Тәуелсіздік қай елдің болмасын басты игілігі. Баға жетпес құндылығы да сол! Ендеше біздің де тәуелсіздігіміз баянды болу үшін оны бастауы – Республика күні де ерекше маңызға ие болуы шарт. Әрине, алдымен оны жастарымыз ұғынуы керек.
Бүгінде біз Қазақстанның саяси және экономикалық салалардағы, сондай-ақ оның әлемдік аренадағы жетістіктерін мақтанышпен атап өтеміз. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып алға шыққан кейін, өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бекітілді.Осы қасиетті белгілердің мәнін,Республика мерекесін бүгінгі және болашақ ұрпақ жіті түсініп, бағалай білуі қажет.
Осы атаулы күні Отанымыз — Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз, халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі біздің мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын.
Әділет Қабиденұлы




