Ішкі нарықты қорғау – балалар көзімен

Біз дүкенге барған сайын түрлі тауарларды көреміз: киім, ойыншықтар, азық-түлік, техника және тағы басқалар. Осы тауарлардың бәрі қайдан келеді деп ойлайсың? Кейбірі – өз елімізде, Қазақстанда жасалған. Басқалары – шетелден әкелінеді. Бірақ егер шетелден келетін заттар тым көп болса, біздің елімізде жасалатын өнімдерге сұраныс азаяды. Міне, осындай жағдайлардан қорғау үшін ішкі нарықты қорғау маңызды.

Ішкі нарық – бұл еліміз ішінде сатылатын және сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің жиынтығы. Ол – Қазақстанның “шағын экономикасы” сияқты. Сол ішкі нарықта ауылшаруашылық өнімдері, киімдер, құрал-жабдықтар, тұрмыстық техника және басқа да көптеген тауарлар айналымда болады.

Ішкі нарықты қорғау дегеніміз – еліміздің кәсіпкерлері мен отандық өнім өндірушілерді қолдау. Бұл үшін мемлекет кейбір шетелдік тауарларға шектеу қояды немесе отандық өнімге жеңілдіктер береді.  Қазақстанда жасалған азық-түлікке арнайы жәрмеңкелер ұйымдастыру. Отандық өнімді тұтынып, «Қазақстанда жасалған» деген маркамен мақтануымыз керек. Өйткені қазірде қолымызға ұстаған қасықтан бастап, аяғымызға киген шұлығымызға дейін шет елдікі. Елді ашындыратыны да – осы. Сол себепті азаматтарды ұлттық – отандық өнім өндіруге үндеу керек.

Өзіміздің шаруалар өсірген көкөніс пен жемісті дүкен сөрелеріне бірінші кезекте қою. Елімізде азық-түлік бағасын тұрақтандырудың ең тиімді жолы елдегі шаруаларды қолдау. Әсіресе, көкөніс, бақша дақылдарын өсіретін диқандарға мемлекет тарапынан көмек берілуі тиіс. Өнімді сауда орындарына еш кедергісіз шығару, қосылатын үстеме бағаны нақты белгілеп, арадағы делдалдарды азайту үшін заңнаманы қабылдауымыз тиіс деген Мемлекет басшысы, Үкіметке «Қазақстанда жасалған» Ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды.

Кез келген мемлекет азық-түлік тауарын өзінде өндірмей, сыртқы тәуелділіктен арылмайды. Ал, ішкі нарықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтуға біздің мүмкіндігіміз мол. Бірақ, әлі де соның тетіктері оңтайлы шешілмей келеді. Бүгінгі азық-түлік инфлияциясының шарықтауы соның дәлелі. Сондықтан, «жергілікті шаруаларды қаржыландырып, отандық өнімнің үлесін арттыру қажет» деді Президент.

Шетелдік ойыншықтарға салықты көбейтіп, отандық ойыншықтардың бағасын арзан ету.

Егер біз өзіміздің зауыттар мен фабрикалардан шыққан заттарды сатып алсақ, онда олар көбірек өнім шығарады. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашады.

Өзіміздің өндірушілер табыс тапса, олар салық төлейді. Сол салық мектептерге, ауруханаларға, жолдарға жұмсалады.

Қазақстанда экологиялық таза азық-түлік көп: сүт, ет, бал, бидай. Ішкі нарықты қорғау арқылы осы пайдалы өнімдерге сұраныс артады.

Шетелдік заттарға тәуелді болмай, өзіміздің өніммен өзімізді қамтамасыз ете аламыз. Балалар дүкенге барғанда, сатып алу кезінде “Қазақстанда жасалған” затты таңдау арқылы көмектесе алады.

Үйде ата-анаға отандық өнімді қолдауды ұсыну. Мектеп жәрмеңкелерінде өзіміздің өнімді жарнамалау. Қазақстанда жасалған ойыншықтар мен киімдерге қызығушылық таныту.

Ішкі нарықты қорғау – бұл тек үлкендердің емес, балалардың да маңызды міндеті. Әрбір қазақстандық бала өз еліне көмектесе алады – тек өз өнімін қолдау арқылы. Отанға деген сүйіспеншілік, Отанға деген махаббат, Отанға деген қамқорлық – отаншылдық – әр адамның парызы, бойындағы қадірлі қасиеті.  “Өзіміздікі – өзімізге жақсы” деген сөз бекер айтылмаған. Егер бәріміз бірлесе әрекет етсек, Қазақстан мықты елге айналады!

Г.Тұрлыбекова

ПІКІР ЖАЗУ