Домбыра үні – ұлттың үні

Әлемде қанша ұлт болса, сонша мереке бар. Елімізде жалпыхалықтық тұрғыда белгіленген мерекелер мен атаулы күндер бар. Сонымен қатар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ата-баба дәстүріне сай тойланатын ортақ мерекелер де көп. Мысалы, «Тәуелсіздік күні», «Конституция күні», «Алғыс айту күні», «Астана күні». «Домбыра күні» болып жалғаса береді. Ұлттық мәдениет қалыптастырумен қатар рухани құндылық қатарында саналатын ізгілікті, қуанышты, өнеге болатын оқиғаларды дәріптейтін мерекелер қатарында Астана күнімен қатар аталатын Домбыра күні бар. Биыл Астана күніне орай қаланың әртүрлі аймақтарында – саябақтар, театрлар, ойын-сауық орталықтарында – балаларға арналған фестивальдер, қуыршақ және цирк қойылымдары, шығармашылық шеберлік сабақтары мен ашық концерттер өтті. Әсіресе “Пuppet Theater” қойылымдары, “Qanbaq Shal” спектаклі және Astana Magic Circus қазақ дәстүрлері мен халықаралық шоуларды үйлестіріп, балалардың көңілін көтерді. Домбыра күні — Қазақстанда ұлттық мәдениетті дәріптейтін ерекше күн. Ол шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі. 2025 жылы Домбыра күні 6 шілдеге сәйкес келді. Домбыра күні — Қазақстанда ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, рухани мәдениеттің алтын арқауы саналатын домбыра аспабына арналған мереке. Бұл күннің маңызы зор, себебі ол тек музыкалық аспапты ғана емес, қазақ халқының рухын, тарихын, өнерін және тілін де айқындады.
Домбыра — қазақ халқының болмысымен біте қайнасқан аспап. Күй өнері арқылы халықтың тарихы, мұңы мен қуанышы, ерлігі мен өрлігі жеткізілген. Күй — үнмен жазылған тарих. Мысалы, «Ақсақ құлан», «Ел айрылған», «Сарыарқа» сияқты күйлер ел тарихының күрделі кезеңдерін сипаттайды. Домбыра күні осы тарихты ұрпақ санасына жеткізді.
Домбыра үйрену арқылы балалар мен жастар ұлттық өнермен танысады, ана тілін, дәстүрін құрметтеуге үйренеді. Бұл — рухани тәлімнің бір тармағы. Домбыра күні — ұмыт қалған күйлер мен шебер орындаушыларды қайта таныстыруға, халықтық мұраның қайта жаңғыруына себеп болды.
Домбыра үні — барлық қазаққа ортақ. Ұлтты біріктіретін күш ретінде домбыра адамдарды біріктіріп, ортақ сезім тудырады.
Бұл мереке ұлттық деңгейде тойланады. Мектептер мен балабақшаларда арнайы домбыра сабағы, байқаулар өтті. Қалалық және облыстық деңгейде күй кештері, флешмобтар, көрмелер, концерттер ұйымдастырылды. Домбыра күні — мәдени, тарихи, тәрбиелік тұрғыда аса маңызды мереке. Ол ұрпақ санасына ұлттық рухты дарытуға, қазақтың мәдени жадысын жаңғыртуға, болашағын рухани кемелдендіруге бағытталған. Астана қаласында бұл мерекеге орай домбыра шерулері, ашық алаңдардағы концерттер, ұлттық киімдегі шеру мен күй сайыстары, шеберлік сабақтары мен көрмелер ұйымдастырылды.
Қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен түрлі іс-шаралар өтті. Астананың амфитеатр алаңында ұлттық домбыраға арналған мерекелік концерт өткізді. Қалалық деңгейде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт ұйымдастырылды. Бұл күн қаланың түрлі орындарында ашық аспан астындағы концерттер өткізілді, кешке фейерверк атылды.
“Dombyra Party” атты флешмоб секілді жастар қозғалыстары Астанадағы көшелерде, әсіресе қала орталығында домбыра шерулер ұйымдастырды. Қазақ халық күйлері орындалып, шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар қатысты. Астанада Ұлттық домбыра күні мықты атқарылды — 6 шілде күні қала амфитеатрында үлкен мерекелік концерт өткізіліп, кешке фейерверк және басқа да ашық аспан астындағы іс-шаралар жалғасты. Сонымен қатар, 4–5 шілдеде Астана күніне орай ұйымдастырылған шараларға домбыраға қатысты концерттер, флешмобтар мен шеруілер енгізіліп, елдің мәдени рухын көтерді.
Саябақтарда өтетін фестиваль «Отбасы Time» атауымен 30 маусымнан бастап жалғасты. Бұл шара балалардың шығармашылығы мен отбасы қатысуына арналған, онда әр аймақтық және халықаралық құрамалар түрлі шеберлік пен ойындар ұйымдастырды.
1–4 шілде аралығында елордада IV Халықаралық “Құралай” қуыршақ театрлар фестивалі өтті. Ұлыбритания, Қытай, Түркия, Испания және т.б. елдерден келген театрлардың қойылымдары балаларға арналған форматта ұсынылды.
Қандай бір мереке болмасын, оның мақсаты мен идеясы болады. Ал кез келген мерекенің мақсаты – қайырымдылықты, мейірімділікті насихаттау, құндылықты насихаттау. Ел назарын қайырымдылық істерге, бауырмалдыққа, ізгілікке, бірегейлікке, ауызбіршілікке аудару болса керек. Домбыра – қазақтың қасиетті аспабы, құнды байлығы, таптырмас қазынасы.
Қазақ пен домбыра егіз ұғым , дейді дана халқымыз.
Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз.
Ұлттық құндылықтарымызды ардақтау, терең тамырымызға ой салу, рухани жаңғыруымызға үлес қосар шуақты да, шаттықты мереке құтты болсын!
Халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра төрімізден түспесін!
Әр шаңырақтан ән-күй үзілмесін!
Мейірім мен жылылыққа толы мерекелі күндеріміз көп болсын. Әр шаңыраққа құт-береке енсін! Достар!

ПІКІР ЖАЗУ