Бір сынып — бір жүрек, бір мақсат — биік белес!

Білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, жас ұрпақтың сапалы білім алуына, саналы тәрбие қалыптастыруына жол ашқан білім ордасының орны әрдайым ерекше. Біз үшін осындай қасиетті қара шаңырақ – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясы. Ұлт ұстазының есімін иеленген білім мекемесінде шәкірт тәрбиелеп, олардың бойына білімге құштарлық пен адамгершілік қасиеттерін сіңіру – үлкен жауапкершілік әрі зор мәртебе.
Мектебіміздің мерейін асырып, білім беру саласындағы дамуына, ұжымның бірлігі мен ортақ жетістіктеріне үлес қосып келе жатқан директорымыз Бозшин Бекболат Жағалбайұлына деген құрметіміз ерекше. Білікті басшының ұжымды ортақ мақсатқа жұмылдырып, білім сапасын арттыруға бағытталған еңбегі мектебіміздің өркендеуіне негіз болуда. Ұстаздарға қолдау көрсетіп, шәкірттердің жан-жақты дамуына жағдай жасау – білім ордасының абыройын асқақтататын маңызды міндеттердің бірі.
Мен, 3 «Ғ» сыныбының сынып жетекшісі Каналина Жумагүл Алдабердіқызы, осындай білім мен тәрбиеге ерекше мән беретін мектепте еңбек етіп жүргенімді мақтан тұтамын. Ұстаздық жолдағы басты мақсатым – әр шәкірттің бойындағы қабілетін ашып, білімге деген қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа баулу және елін сүйетін, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосу.
Бала жүрегіне жол тауып, оның бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту – үлкен төзімділік пен мейірімділікті талап ететін жауапты іс. Әрбір оқушының жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі, ата-ана үмітінің ақталғаны. Сондықтан шәкірттерімнің білім жолында биік белестерді бағындырып, өз мүмкіндіктеріне сенімді болып өсуі мен үшін ең үлкен қуаныш.
Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында ұстаздар мен ата-аналардың өзара ынтымақтастығы, ұжымның ауызбіршілігі айрықша маңызды. Бір мақсатқа жұмылғанда ғана толағай табыстарға қол жеткізіп, жас ұрпақтың жарқын болашағына берік негіз қалай аламыз.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының абыройы асқақтап, мерейі үстем болсын! Білім жолындағы бастамаларымыз баянды, жетістіктеріміз мол болғай! Ұстаздарымыздың еңбегі жемісті болып, шәкірттеріміздің алар асуы биіктей берсін! Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасымды болып, мектебіміздің даңқы әрдайым арта берсін!
Каналина Жумагүл Алдабердіқызы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының ұстазы
