Балаға терезеден төнген қауіп

Жаздың келуіне әсіресе, балалар ерекше қуанады. Ата-ана ашық қалған терезенің бала үшін қауіпті болуы мүмкін екенін ұмытып кетіп жатады. Өкінішке орай жыл сайын биіктіктен құлаудан көптеген балалар қаза табады. Құлау жағдайларыны көпшілігі ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған кезде пайда болады. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырманыз.
Астанада балалардың терезеден құлауының алдын алу және болдырмау жұмыстары жалғасуда. Оны қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ювеналдық полиция қызметкерлерімен, учаскелік инспекторлармен және еріктілермен бірлесіп жүргізуде.
Күн жылынған уақытта мұндай қайғылы жағдайлар жиілейді. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы балалар ауруханасының реанимациясынан кадрлар жариялады, онда балалар биіктен құлағаннан кейін ауыр жағдайда жатқанын байқауға болады.
«Біз ата-аналарды жай ғана үндеп қана қоймай, балаларын бір секундқа да қараусыз қалдырмауын өтінеміз! Әсіресе қазір жылы мезгілде, терезелер ашық тұрады, ал мұндайда құлау қаупі зор. Балалар көбіне үйдің шатырынан да құлайды. Құрметті ата-аналар! Сіз жедел жәрдемге жылдам келуді өтінгеніңіздей, біз де мұқият және сақ болуды сұраймыз! Назарыңыз бір сәт басқа жаққа ауғанда балаңыздың өміріне қауіп төнуі мүмкін!» – деп елордалық дәрігерлер үндеу жасады.
Балалардың терезеден құлауын алдын алу мақсатында, қажетті іс-шаралар:
Егер бөлмеде бала болса терезені ашық қалдырмаңыз;
Бала терезені өз еркімен ашып алмас үшін тұтқасын жауып қойыңыз;
Терезе ашылмас үшін арнайы қорғау құралдарын орнатыңыз;
Бала терезенің алдына шықпас үшін барлық жиһазды терезеден алыстатыңыз;
Баланы терезенің алдына тұруды және ары жағында не болып жатқанын қаратуды үйретпеңіз, Сіз жоқ болған кезде ол қайталауы мүмкін;
Балаларды үлкендерсіз балконға шығармаңыздар;
Шіркей торы баланы құлаудан сақтамайды. Ол қорғап та қалмайды және де балаларды оған сүйенуді үйретеді, себебі балаларға ол шыны сияқты сенімді болып көрінуі мүмкін. Керісінше, шіркей торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді. Көбінесе балалар осы толармен бірге құлап кетеді;
Бала терезеге көтеріле алмайтындай етіп жиғаздың барлық түрлерін терезеден алыстатыңыз;
Мүмкіндік бермейтін арнайы қысқыштарды қойыныз;
Терезелерге баланың терезені толық ашуына мүмкіндік бермейтін арнайы қысқыштарды қойыңыз;
Терезеге темірден торлар салу арқылы терезелерді қорғаңыз. Торлар балаларды ашық терезелерден құлаудан қорғайды;
Әрдайым терезені мықтап бекітіңіз, баланың өткір қимылына дайын болыңыз, терезе алдында тұрған баланы киімнен ұстамаңыз;
Егер сізде дәл қазір бекіткіш және сақтандыру жабдығын орнату мүмкінгіңіз болмаса, бұрағышпен бекіткіш тұтқалары бар бұрандамаларды оңай бұрап алып, қажет болған жағдайда пайдалана отырып және пайдаланғаннан кейін бірден алып тастай аласыз.
Терезеден құлау балалардың жарақаттануы мен қаза болуының негізгі себептерінің бірі болып табылады, әсіресе қалаларда. Жаратылысынан бәрін білуге құштарлығына байланысты балалар ашық терезеге өте осал. Балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты апаттың алдын алу үшін, келесі ережелерді сақтау керек:
Пәтердегі терезелерді ашу және үй-жайды желдетер кезде, баланың қараусыз қалмағанына көз жеткізіңіз. Мүмкіндігінше, терезелерді (желдеткіштерді) төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.
Бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезелерге блокираторлар (арнайы бекіткіштер) орнатыңыз. Баланың балконға ересектердің қарауынсыз шығуына жол бермеңіз. Ұйықтап жатқан баланы ешқашан пәтерде жалғыз қалдырмаңыз. Бала оянып, ашық терезенің тақтайшасына шығып кетуі мүмкін. Төсекті қоса алғанда, барлық жиһаздарды терезе алдынан жылжытыңыз. Бұл баланың терезе алды тақтайшасына кездейсоқ шығуына жол бермейді. Балаға терезе қалай ашылатынын көрсетпеңіз. Терезені өз бетінше ашуды қаншалықты кеш үйренсе, оның пәтерде болуы соғұрлым қауіпсіз болады. Балаға терезеден немесе балконнан көшеге қарау үшін орындықты немесе басқа құрылғыны аяғының астына қоюды үйретпеңіз. Кейіннен, осылай әрекет ете отырып, сыртқа ұмсына қарау нәтижесінде терезеден (балконнан) құлап кетуі мүмкін.
Масаға арналған торлар көп қауіп төндіреді:
— Бала алда қандай да бір кедергіні көреді, оған сенімді сүйенеді, нәтижесінде ең кішкентай бір жасар баланың салмағына арналмаған тормен бірге құлап кетуі мүмкін.
— Егер 5-7 жастағы бала пәтерде жалғыз қалудан қорқатын болса, оны тіпті аз мерзімге де жалғыз қалдырмаңыз. Көбінесе балалар қорқыныш сезініп, ата-аналарын көру үшін терезеден немесе балконнан қарайды, нәтижесінде бала құлап кетуі мүмкін.
Бала ата-анасының және отбасыдағы басқа да ересек адамдардың әрекетін қайталайтынын және олардан үлгі алатынын ұмытпаңыз. Сондықтан өзіңіз де терезенің алдына отырудан, терезеден басыңызды шығарып, төмен салбырап қараудан және терезе арқылы даладағы адаммен сөйлесуден аулақ болыңыз. Әрдайым терезеге алыстан қарап, қатты жақындауға болмайтынын түсіндіріп жүріңіз.
Балалардың денсаулығын бірге сақтайық!
Г.Тұрлыбекова




