AULAFIT елордалықтардың алғысына бөленді

«AulaFit бағдарламасының пилоттық жобасы бес жыл бұрын мамыр айынан бастап құрылып және іске қосылды. Астана қаласындағы «Манхэттен-2», «Олимп Палас-2», «Азат-2» тұрғын үй кешендерінің аулаларында өз жұмысын жүзеге асырды. Жазғы кезеңде дене шынықтыру және спорт бойынша сабақтар аптасына 5 сағат, қысқы кезеңде — 3 сағат өткізілді. Жобаға білікті жаттықтырушылар қатысты. Жоба қатысушылары футбол, шахмат, стрит воркаут, баскетбол, балалар фитнесі бойынша барлық аулаларда тегін жаттығулар өткізілді. Бұл жобаның мақсаты мен ерекшеліктері қаланың шет аймақтарында, дене шынықтырумен спортпен қамту. Тұрғын үй кешендерінің тұрғындары спортпен қадамдық қолжетімділікте — өз аулаларында, тәжірибелі жаттықтырушылардың басшылығымен, тегін негізде айналыса алады. Аға буын, жастар мен балалар күн сайын спортпен шұғылданады, бос уақыттарын, демалыстарын қызықты және пайдалы өткізеді, психологиялық қолдау алады. Тұрғындар бір-бірімен танысып, достасып, тату көршілік қарым-қатынас орнатады. Барлығы позитивті және ең бастысы әркімнің спортпен шұғылдануға деген ықыласы бар. Ата-апалар, орта буын, жастар, балалар мен қыздар білікті жаттықтырушы өткізетін тегін спорттық жаттығуларға шығады.
Жуырда Астанада әлеуметтік-спорттық AULAFIT жобасының жазғы маусымы аяқталды. Жабылу рәсімі «Гранд Астана» тұрғын үй кешенінің ауласында өтіп, ұйымдастырушылар ересектер мен балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырды.
Жазғы маусым ерекше мерекелік іс-шарамен түйінделді. Балаларға аниматорлармен ойындар, түрлі сайыстар мен шоу бағдарламалар ұсынылды.
Жобаның ұйымдастырушыларының бірі Айтжан Мусин AULAFIT тек спортты дәріптеп қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтынын атап өтті.
«Жобаның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту. Көбірек адам спортпен айналысса дейміз. Мысалы, осы ауланың тәжірибесінен дұрыс бағытта келе жатқанымызды түсіндік. Бұл жерде жаз бойы кішкентай балалардан бастап қарттарға дейін көп тұрғын жаттығуға шықты. Ең үлкені – 86 жаста, ол да бәрімен бірге бірдей жаттығып жүрді», – деді ол.
Бірнеше жыл ішінде AULAFIT елордалықтардың алғысына бөленді. Жаз бойы астаналықтар ауладағы ашық жаттығуларға қуана қатысты.
«Өзім қатыса алмадым, бірақ жаз бойы жаттығуларды бақылап жүрдім. Жұмыс кестем мүмкіндік берген жоқ, бірақ бұл жобаны өте маңызды деп есептеймін. Маусым соңында ұйымдастырушылар аулада нағыз мерекелік шара өткізді, бұл тұрғындардың көңілін одан әрі көтерді», – деді тұрғын Жанар.
AULAFIT маусымы маусымнан қыркүйекке дейін жалғасып, 30 аулада өтті. 3 жастан 80 жасқа дейінгі 5000-нан астам тұрғын кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен тегін спортпен айналысты.
Жаттығулар аптасына алты күн жүргізілді. Бағдарлама жас ерекшеліктеріне қарай бейімделіп, жалпы дене дайындығы, гимнастика, фитнес-йога, командалық ойындар, футбол, волейбол және ауладағы ойын-сауық түрлерін қамтыды. Барлық сабақтар жоғары білімі бар мамандар – мектеп пен университет оқытушылары жүргізді.
Жобаның ерекшелігі – спорт пен экологияны ұштастыруында. Жаттығудан кейін қатысушылар республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында аулаларды тазалауға шықты.




