Бала қауіпсіздігі – баршаға ортақ

Балалар біздің болашағымыз. Балаларды жолда дұрыс жүріс-тұрысқа үйретуді ерте жастан бастау керек. Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі- ең басты байлық. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке орай, жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың  жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді. Жол қателіктерді кешірмейді. Қарапайым ережелердің өзі сақталмаса, үй мен мектеп арасындағы қысқа жол да қауіпті болуы мүмкін. Баланы жазатайым оқиғадан қорғау үшін ерте кезден оған қауіпсіз мінез-құлықты үйрету маңызды. Біздің кезекті сұхбатымыздың кейіпкері жол-патруль қызметкері Абзал Қайратұлы.

Балалардың жол үстінде қайғылы оқиғаларға ұшырауының себебі неде?

– Негізгі себебі-жол қозғалысының қарапайым ережелерін сақтамау болып табылады. Өз қауіпсіздігі үшін әр бала мына ережелерді мықтап есте сақтауы қажет!

Жүріп бара жатқан автобус не маршруттық таксиде барлық кезде тұтқадан ұстап тұр.

Ролик, велосипед және скейтборд тепкенде мұқият және абай бол.

Жолдың арғы бетіне тек бағдаршам тұрған немесе жаяу жүргінші өтетін жерден өт.

Тек қана бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана жолдан өт.

Жүріп бара жатқан көлік алдынан кесіп өтпе.

Жолдың көлік жүретін бөлігінде ойнама.

Егер жаяу жүргінші жүретін жол жоқ болса, онда көлік қозғалысына қарама- қарсы жолдың оң жағымен жүр.

–Жолда жүру ережелерін сақтау неге маңызды деп ойлайсыз?

–Бұл – ең алдымен адамның өмірі мен қауіпсіздігі үшін қажет. Ережелер көлік жүргізушілердің, жаяу жүргіншілердің және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған. Оларды бұзу — өз өміріңе де, басқаларға да қауіп төндіру деген сөз. Балаларға тек жол қозғалысы ережелерін сақтауды ғана емес, сондай-ақ ерте жастан бастап ол ережелерді оқып, бақылауға және үйренуге үйрету керек. Ата-аналар мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудың басты әдісі – балалардың ересектерді, ең алдымен ата-аналарды бақылап, соларға еліктейтінін ұмытпау керек. Көптеген ата-аналар мұны түсінбей, өздері балаларын дұрыс емес әрекетке үйретіп жатады.

–Қандай ережелерді көбіне бұзады?

–Көбінесе жүргізушілер жылдамдықты асырады, жаяу жүргіншілер өткелінен өтпейді, ал жаяу жүргіншілер бағдаршамның қызыл түсіне өтетін жағдайлар көп кездеседі. Сонымен қатар телефонмен сөйлесу немесе қауіпсіздік белдігін тақпау да жиі кездеседі. Балаларға  ережелерді үнемі түсіндіру маңызды. Қайталау — есте сақтаудың кілті. Жаяу жүргіншілер өткелінің не үшін қажет екенін, бағдаршамның қалай жұмыс істейтінін, көліктегі “соқыр аймақ” деген не екенін айтыңыз. Жолды тек жасыл шам жанғанда және рұқсат етілген жерден өтіңіз. Жолда құлаққап киюге немесе телефонға қарауға рұқсат бермеңіз. Бұл мұқияттылықты азайтып, қауіпті жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Жолды тек бағдаршамның жасыл түсі жанғанда және жаяу жүргіншілер өткелі бар жерден өтуге болады. Жолда немесе жолдың маңында ойнауға қатаң тыйым салынады. Егер доп немесе ойыншық жолға шығып кетсе, ересек адамды шақыру қажет. Аулада да мұқият болу маңызды, себебі көлік гараждан немесе автотұрақтан күтпеген жерден шығу мүмкін.

– Балаларға жол ережелерін үйрету қаншалықты маңызды?

–Бұл өте маңызды. Балалар — жолдағы ең әлсіз қатысушылар. Мектептерде арнайы сабақтар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Ата-аналар да үлгі көрсетіп, балаларға дұрыс бағыт беруі қажет. Кішкентай жүргіншілер жақсы мен жаманды үлкендерден үйренеді. Сондықтан әрқашан және барлық жерде қызу қозғалыстағы қала көшелерінде, тар ауыл аралық жолда «Жол қозғалыс ережелерін» сақтаңыз.

Жүргін бөлікте балаңызбен бірге болсаңыз, шапшаң емес, жолды өлшенген қадамдармен қиып өтіңіз. Әйтпесе, сіз қауіпсіздікті бақылап, қамтамасыз ететін жерлерде асығып жүруге үйреніп аласыз. Балаңызды алдыға жүгіртіп жіберіп, жолды өздігінен жүгіріп өтуіне жол бермеңіз. Себебі, ол жолда жан-жағына қарамай жүріп, соған дағдыланып алады. Сондықтан кішкентай баланы қолынан мықтылап ұстап өту керек. Өйткені, ол қолдан босанып шығуға тырысқан кезде, оны ұстап үлгересіз. Ал жазатайым оқиғалардың көбі осындай ережелерді сақтамағаннан болып жатады.

Осы орайда атааналар нені ескеруі керек?

– Балаңызды жан-жаққа қарауға үйретіңіз. Балада жолаяқтан алғашқы қадам баспас бұрын басын бұрып, барлық бағыттағы жолды тексеретін, қатып қалған әдет болу керек. Ол автоматты түрде осылай әрекет етуге үйренуі тиіс. Баланы көлікті байқауға үйретіңіз. Кейде балалар алыстағы көлікті немесе мотоциклді байқамайды. Оған қашықтыққа қарауды, көліктің қалай қозғалатынын, жылдамдығын және бағытын бағалауға үйретіңіз. Оларға қайсы көліктің тік жолақпен жүретінін және қайсысының бұрылайын деп жатқанын анықтауға баулыңыз. Балаға кез-келген көлік түріне тек, ол тоқтап тұрған кезде ғана кіру және шығу керектігін үйретіңіз. Жүргін бөлікте балаңызбен бірге болсаңыз, шапшаң емес, жолды өлшенген қадамдармен қиып өтіңіз. Әйтпесе, сіз қауіпсіздікті бақылап, қамтамасыз ететін жерлерде асығып жүруге үйреніп аласыз. Балаңызды алдыға жүгіртіп жіберіп, жолды өздігінен жүгіріп өтуіне жол бермеңіз. Себебі, ол жолда жан-жағына қарамай жүріп, соған дағдыланып алады. Сондықтан кішкентай баланы қолынан мықтап ұстап өту керек. Өйткені, ол қолдан босанып шығуға тырысқан кезде, оны ұстап үлгересіз. Ал жазатайым оқиғалардың көбі осындай ережелерді сақтамағаннан болып жатады.

– Балалардың  түрлі жағдайға ұшырап жатуының алдын алу үшін қандай шаралар ұйымдастырасыздар?

–Көп жағдайда  балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны  көлік жүргізушілерінің  ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға  жолда  жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап,  балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті.
Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында оқу іс-әрекеттері және түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сондықтан әрбір бала үйретілетін  «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы іс-әрекетті мұқият тыңдап, өткізілген іс-әрекеттен қорытындыжасап отыруға міндетті. Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолдану, балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі.
Балаларды жол жүру ережелеріне үйрету- ата-ана мен үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы.  Бағдаршам белгілерімен, жолда жүру ережелерімен,   жаяу жүргіншілер жолы, көше жиегіндегі жолдармен (тротуармен)  таныстыруды жүзеге асыру көзделген.  Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін , оларды жол  жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек. Үйде ата-ана, мектепке дейінгі ұйымда балабақша тәрбиешілері бірлесіп, балаларға жол ережелері туралы үйретер болсақ, балалар жол апатының алдын алар едік.

–Барша азаматтарға айтарым  жол ережесін сақтау  әркімнің борышы. Сабырлы болыңыздар, жолда бір-біріңізге түсіністікпен қарап, сақ жүріңіздер. Өмір – ең қымбат байлық. Балаларды қорқытуға болмайды. Үлкендердің мақсаты-көшедегі тәртіп ережелерін баласына үйрету және олар үшін өнеге болу.

–Сұхбатыңыз үшін көп рахмет! Қызметіңізге сәттілік тілейміз.

 

Гауһар Тұрсынқожа

ПІКІР ЖАЗУ