“Современный” болмаса көштен қала ма?

15bet_f15Мен 8-сыныпта оқимын. Асыға күтетін журналымнан «Ешнәрсе дей алмайсың…» деген мақаланы оқып шығып, сіздерге хат жолдап отырмын. Бүгінде арамызда «жатыпішер» жасөспірімдер көп. Мұндай балалар ата-анасының еңбегін қадірлемейді. Оларға ең бастысы – дүние. Құлақтарына тыңдағышты тығып алып, шетел әндерін тыңдайды. Соларға еліктейді. Мақаланың кейіпкері анасына «топик» пен «шортик» кигізбегені үшін қатты ренжиді. Анаға ешуақытта ренжуге және ренжітуге болмайды. Мен үйдің тұңғышымын. Іні-сіңлілерімнің қамқоршысымын. Ата-анам жұмыс істейді. Замана жетістіктерін білу – бәрімізге міндет. Қазіргі жасөспірімдер өте қызығатын МР3, ұялы телефон қызықтары, компьютер ойындарынан гөрі мен кітап, газет-журнал оқығанды ұнатамын. Рухани дүниенің менің болашағыма пайдасы зор.
Ақбота ӘУЕСҚАЛИ.
Жамбыл ауданы.

ПІКІР ЖАЗУ