Менің мектебім – мақтанышым

Мектеп мен үшін өте қымбат әрі сүйікті орын. Себебі мектеп маған білім береді, көп достар сыйлайды, қызықты сәттерге толы күндер өткізетін орным. Менің мектебім үлкен, әдемі, таза және жарық. Мектептегі мұғалімдер мейірімді. Менің ұстазым – Бану апай. Ол бізге сабақты өте қызықты етіп түсіндіреді. Бізге мейірімді қарайды, ешқашан дауыс көтермейді. Бану апай бізге тек оқу емес, бір-бірімізге қамқор болуды, тәртіпті болуды да үйретеді. Мен Бану апайды қатты жақсы көремін!
Мектебімізде түрлі қызықты үйірмелер, спорттық жарыстар, мерекелік іс-шаралар жиі өтеді. Солардың арқасында біз өз қабілетімізді танып, дамыта аламыз. Мен әр күні мектепке қуана барамын. Достарыммен бірге ойнап, жаңа нәрселер үйренген ұнайды.
Мен мектебімді мақтан етемін. Болашақта жақсы оқып, елге пайдасы тиетін адам болғым келеді. Бұл арманымның бастауына менің мектебім себепкер болады деп сенемін.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
№7 жалпы білім беретін лицей орта мектебінің 4 «В» сынып оқушысы Аувакир Ботакөз