Туған жердің туын биіктеткен тұлға

Ағымдағы оқу жылында туған жердің туын биіктеткен тұлға, жерлесіміз, қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойына орай мектебімізге  атамыздың есімі  берілді.Осыған орай мектепте «Асанбайтанушылар» клубы ашылып, сыныптағы оқушыларға  сол клубтың мүшесі болу бақыты бұйырды. Қайраткер атамыздың «Тағдыр», «Жұмақ пен тозақ жыр­­лары», «Көзқарас», «Ұлы Тұран­ның ұлдары», «Мен еліммен біргемін»  сияқты еңбектерімен танысып, әр шығармасын ой елегінен өткізіп, көңілге тоқудамыз. Әр шығармасынан ол кісінің ой-өрісінің кеңдігін, ұлттық рухының биік­тігін,халқының тарихы мен тұр­мысын терең білетіндігін, көргені мен естіп-білгеніне байсалдылықпен және парасаттылықпен қарайтынына куә болдық. Әр өлеңібір әлем, сөзі қарапайым, адам жүрегіне жақын.

Асанбай Асқаровтың:

Ел дегенде езіледі жүрегім,

Елімді менбақытым деп білемін.

Ел атағын,абыройын асырып,

Елім деген азаматтың бірі едім,-деген сөздері мектебімдегі құрбыларымның кредосына айналды десем де болады.   «Асанбайтанушылар» клубының алдында үлкен мақсаттар тұр. Айтулы тарихи тұлғаның шығармашылығын одан әрі жан-жақты оқып, зерттеу, оның өмірімен танысу жұмыстарын жүргізу біздің мойнымызда.

 

Бексапар Ербол,

Жамбыл облысы, Меркі ауданы,

Асанбай Асқаров атындағы жалпы

 орта білім беретін мектеп-гимназиясының

5 «А» сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ