Абай және Шәкәрім (шығармаларындағы даналық пен парасаттылық)

Даналық – адам баласының өмір тәжірибесі нәтижесінде жинақталған рухани білімді игеріп, оны ұрпақтан ұрпаққа ұлағатты ой-пікір,ізгілікті іс-әрекет түрінде жеткізе білетін адам қасиеті. Ал парасаттылық адам бойындағы кісілік қасиет. Яғни, көпті көрген, көп білетін  адам сөйлейтін әр сөзін ойланып, ақыл таразысына салып, жинақтап айтады.

Туған халқына түзу жолды бағыттауға, адамгершілік қасиеттерді адам бойында жетілдіруге өз шығармаларын көпшілікке насихаттай білген ағалы-інілі ақындар Абай Құананбайұлымен Шәкәрім Құдайбердіұлы.

Абай жастайынан ерекше қабілетімен, зейінімен көзге түсіп, әкесі оны ел басқару ісіне баули бастайды. Сонымен қатар өз заманындағы халық ішіндегі дау-дамайды ақылмен шешіп, билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Осылайша, халық арасында шешен сөзімен,  әділдігімен,  даналығымен, парасаттылығымен көпшіліккке  танылады. Ағасының жолын қуған інісі Шәкәрім өзі өмір сүрген ортаның  әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Абай бағытын ұстанады.

Ақындардың көптеген шығармалары адам баласын түзу жолға бағыттайды. Мысалы, Абайдың «Әсемпаз болма,әрнеге», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»,  «Ғылым таппай мақтанба», өлеңдері, тәрбиелік мәні зор шығармалар. Шәкәрім атамыз осы өлеңдер төңірегінде  «Талап пен ақыл», «Сен ғылымға болсаң ынтық», «Ескіден қалған сөз ертіп» өлеңдерін жазады. Екі ақын да өз шығармаларында  жаманнан жиренуге, жақсы қасиеттерді бойға сіңіруге, ақыл мен білімге көңіл бөлуге, әділдік, адалдық жолында жүруді келесі ұрпаққа, көпшілікке насихат ететінін байқаймыз. Яғни, мұны Абайдың «Әсемпаз болма,әрнеге» өлеңінде: «Сен де бір кірпіш, дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан!», десе,сол ойды Шәкәрімнің «Ескіден қалып сөз ертіп» өлеңіндегі мына жолдардан көре аламыз: «Yйретудi жөн көрiп,Түзетпек едiм адамды».

Қорыта келе, Абай Құнанбайұлы және Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы даналық пен парасаттылық өзгелерді дұрыс бағытқа салуды, әділ, адал жолмен жүруді, білімге көңіл бөлуді мақсат ету арқылы көрінеді.

Берікболова Айдана, Қостанай облысы , Рудный қаласы

Б.Майлин атындағы №7 МГ 8 сынып оқушысы

Жетекшісі,  Абуталипова Асемгүл Бағытбайқызы

ПІКІР ЖАЗУ