Әлемге танылған қазақ ғалымы
Жаратылыстық ғылым саласында жаңалық жаратып әлемнің назарын өзіне қаратқан ерекше талант иелері саусақпен санарлық. Солардың қатарында қазақтың бір қарапайым баласы бар. Ол Есболатұлы Мұрат.
Мұрат 1988-жылы 20-шілдеде Қытай Халық Республикасы Өртекес өңірінде (Алматы облысы, Райымбек ауданының шекарасында) дүнйеге келген. Шынжаң өлкесінде қытай тілінде оқытатын мектепте сауатын ашқан бала, бірден ерекше көзге түседі. Бастауыш, толықсыз сыныптарын ерекше үздік нәтйжемен туған жерінде бітірген оған, Қытайдың Сужу қаласындағы ерекше дарынды балаларды оқытатын мектептен арнаулы шақырту келеді. Бұл шақыртуды қабылдаған жас жеткіншек толық ортаны ішкі қытайдың Сужу қаласында оқиды. Орта мектепті бітірген соң мемлекеттік бір тұтас емтиханда неше жүз мыңдаған оқушылар арасында топ жарып, жоғары балл жинап, ең үздік саналады. Сөйтіп бірден қытайдағы он үлкен Университеттен қатарынан шақыру алады. Ғылым жолын таңдаған талантты жас қытайдың әлемге әйглі «Ғылым және технология университетін» таңдайды. Осылайша 2011-жылы шілде айында Қытайдың Ғылыми және технология университетінің (USTC) бакалавриатын тамамдады. Онан соң 2013-жылы Сауд Арабия Кинг Абдулла Ұлығының Ғылым және Технология Университетінен (KAUST) Магистр атағын алған. Ол онан арыда жалғасты оқып, Дания Университетінің (ТДУ) Наномәдениет пен Өнеркөршілік бағыты бойынша философия докторы (Ph.D.) бойынша оқып, тақырыбын сәтті қорғап, фейжд доктор атағын алады. 2018-жылы тамызда Докторандтық зерттеулерінің бір саласы болған электрон холография мен жидкі фаза передача электрон микроскопиясында зерттелген тақырып бойынша табысқа жетіп, үлкен жиналыста тапсырысты атқару бойынша Prof. Kristian Mоlhave басшылығында 1-орынның жеңымпазы атанған.
Мұрат 2013-2015 ж. Аралығында Қазақстан Республикасы Астана қаласында Назарбаев Университетінде зерттеуші ғалымы болып жұмыс атқарған. Сонымен қатар, докторанттық зерттеулер жүргізіп, магистрантарға сабақ берген және өз саласы бойынша зерттеулермен айналысады.
2022 ж. Наурыз айынан бастап Техникалық Дания Университетінің (ТДУ) Нанолаб бөлімінде Докторлық дәрежесімен профессор атағын алған. Сол жылы тамыз айынан бастап Insight Chips ApS компаниясында қызымет атқарып келеді. Қазіргі таңда Stokgolm Университеті, Ғоттенбург Университеті, Германиядағы Эрнст Руска-Микроскопия және электронды спектроскопия (ER-C) университеті, Сингапурдың Наньянг Технологиялар университеті, США-ның Аргонна Ұлттық Лабораториясы (ANL) университеттерінде зерттеу жұмысы жағынан белсенді түрде қызметін атқарып жүр.
Осы күнге дейінгі зерттеу жұмыстары, жеткен табыстары төмендегідей.
IMC20 – 20-ші Мікроскопия Конгрессі (Busan, Корея, 2023 жылдың қаңтары), FEMS EUROMAT 2023 (Франкфурт, Германия), Microscopy & Microanalysis 2023 (Миннеаполис, АҚШ, 2023 жылы), SCANDEM 2023 (Уппсала, Швеция, 2023 жылы), NordTEMhub: in situ workshop (Копенгаген, Дания, 2022 жылы), NordTEMhub:low-loss EELS (Осло, Норвегия, 2022 жылы), Liquid Phase Electron Microscopy, Gordon Research Conference 2020 (Лукка, Италия, 2020 жылы), Microscopy & Microanalysis 2018 (Балтимор, АҚШ, 2018 жылы), The 69th Annual Conference of the Nordic Microscopy (Копенгаген, Дания, 2018 жылы), The 17th International Meeting on lithium ion battery (IMLB) (Комо, Италия, 2014 жылы) . 2018 жылы Балтиморда (АҚШ) жүргізілген Microscopy & Microanalysis студент стипендиясы жататын, Otto Mønsteds фонды тарапынан берілген 2016-2020 жылдарының саяхат стипендиясын ұтып алған.
Қазіргі таңда жаратылыстық ғылымның нанолаб саласы бойынша, профессор, үздік докторы атағын алған. Бұл күндері Дания мемлекеттік университетіде қызмет істеп жатыр.
Ежелгі қазақ даласы, байырғы Үйсін мемлекетінің ескі жұрты Өртекесте туып өскен, қарапайым ғана Есболат отбасында жарық дүниеге келген ұл әуелі қытайдың тілін меңгеріп, білімін алып, милиярттың ішінде топ жарып, мектеп бітіре сала таңдаулы 10 университеттің шақыруын қатарынан алуының өзі таңғажайып оқиға болады. Солардың арасынан ең әйгілі Ғылым және Технология Университетін қалап, оны үздік бітіріп шығып, ғылым қуып әлемді шарлап кетуінің өзі ұлтымыздың мерейі, халқымыздың мақтанышы болып отыр. Қазақстанға атбасын бұрып, Назарбаев Университетінде үш жылға жуық қызмет етеді. Өзіндегі бар білімді отандық ғылымға арнауды көздеген Мұрат қазақтың қаракөз шәкірттеріне дәріс оқыған болатын. Деседе, әлде бір себептерге ұшырап, еуропаның шақыруы, аттай қалап қызмет ұсынуының нәтижесінде Данияда ғылыммен айналысуда. Мейлі ол қайда оқыса да, қайда қызмет етседе, өзінің тарихи отаны Қазақстанды бір сәт ұмытқан емес. Жаратылыстық ғылым бойынша күллі дүниенің көзіне түсіп, көрнекті адамға айналуы талантымен талпынысының жемісі. Алдағы уақыттада қазақ елінің атын шығарып, қазақ ұлтына пайдасын тигізері сөзсіз!…
Нүсіпбек Жексенқадыр, ақын,
Қуаныш Даут, оқушы