Көргенім көп, әсерім мол

Атам мен апам жазғы демалысымызды жақсы өткізу үшін қаланың көрікті жерлерін, мұражайды, театрды көрсетті. Сіңлім Асылнұр екеумізді алдымен Алматы қаласында-ғы Мемлекеттік орталық музейге апарды. Кірген жерден қыран құстардың әр алуанын көрдік. Ерте заманнан қалған алып диназаворлардың қаңқа сүйегімен таныстым, Еңбекші Қазақ ауданы Есік қорғанынан қазып алған алтын адамды көрдім. Біз бір бөлімнен енді бір бөлімге өтіп ілгерлей бердік. Қазақ ұлтының салт-дәстүрі-не байланысты жәдігерлерді, ұлттық киім-кешектерді, әше-кей бұйымдарды, тұтыну бұйымдарын, шаруашылыққа қолданатын заттарын, жауынгерлік бесқаруын, атәбзелдерін тамашаладым. Ерте заманда өмір сүріп, тіршілік еткен ақбоз үйлерін, қолданған құралдарын көрдім. Әсіресе, мал-шаруашылығымен шұғылданған бабалардың өмір салтымен танысып шықтым. Музейдің әр қабатын бірінен соң бірін аралап жүріп уақыттың қалай өте шыққанын байқамай қалдым.
Музейден шыққан соң Мұхтар Әуезов атындағы ака-демиялық драма театрға барып «Қожанасыр тірі екен» деген спектакльді көрдік. Ол қойылымда Бекжан Тұрыс деген ағаның қызықты сөздерін тыңдап, күлкілі әрекеттерін көріп көзімнен жас аққанша күлдім. Арасында көрермендерге қарап ұзақ ақылдарын айтты. Өте қызық артіс екен, атам мен апамда ішектері қатып күліп жатты. Ол тәрбиелі, ғибратты үлгілі сөздер айтты. Бұрын балаларға арналған қуыршақ театрына баратын едім, енді үлкен театрларға да барып тұруды ойлап қойдым.

Ясина Өркенқызы, Алматы облысы,
Талғар ауданы,
№19 көпсалалы мектеп гимназиясы
2 «А» сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ