«Кітар Time-2023» фестивалі өтті

Ұлытау облысы, Ұлытау аудандық орталық кітапханада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 15 қыркүйек күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының алаңында кітап оқуды кеңінен насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру, мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатында «Кітаp Time 2023» ІІ-жалпы Республикалық кітап фестивалі өтті. Ұлытау аудандық орталық кітапханада ұйымдастырылған фестиваль түрлі форматты қамтыды. Атап айтсақ, 1ші бөлімінде «Библиокафе» іс-шарасы таныстырылды, онда кітаптар 4 бөлімге бөлінді.

Таңғы ас (классиктар): М.Әуезов «Абай жолы», І.Есенберлин «Көшпенділер», т.б. Түскі ас (заманауи кітаптар): Джоджо Мойес «До встречи с тобой», Данияр Жігітбек «Лайфхактар», Зияш Телеуова «Бет перде», т.б. Десерт (журналдар): «Пайдалы кеңестер», «Қазақстан әйелдері», т.б. Шырындар (балалар кітаптары): «Три задачи», «Іскер аюлар отбасы», т.б болып бөлініп түсіндірілді. Одан кейін кітапхана оқырмандарына кітап, кітапхана туралы «Quiz» интелектуалды алаңда библиовикторина ойыны ойнатылды. Онда оқырмандар 2 топқа бөлініп, ұпай жинау арқылы жарысты.
Екінші бөлімде, кітапхана ішінен ашылған «Шебер қолдар» үйірмесі және аудандық балалар кітапханасының «Балбұлақ» қызы-ғушылық клубының шеберлік сағатымен жалғасты. Шеберлік сағатта оқырмандар күз мезгіліне байланысты, «Күзгі бақтағы қолшатыр» атты қол өнерін жасады.
«Кітаp Time 2023» іс-шарасы өз жалғасын «Білгенге маржан» атты мақал-мәтелді жал-ғастыру, жұмбақты табу, «Жас суретшілер» үйірмесінің оқырмандырының сурет салуымен және ертегікөрсетілімімен жалғасын тапты. Сурет үйірмесінің оқырмандары әртүрлі жануарлар суретін салды. Одан кейін оқырмандар «Әке мен бала» атты ертегі көрсетілімін тамашалады. Балалар кітапханасының тұрақты оқырманы Жомарт Кәусардың орындауында «Біз бақытты баламыз» әні шырқалды.
Фестиваль арқылы оқырмандарға кітап-хананың маңыздылығын, кітап оқудың пайдасын түсіндіріп, уақытын тиімді өткізуіне ықпалын тигізді.

Елеуова М.А,
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы,
Ұлытау аудандық балалар
кітапханасының библиографы

ПІКІР ЖАЗУ