Экономикалық даму –  адамдардың жақсы өмір сүруі

Экономикалық даму деген – елдің өсіп-өркендеуі, адамдардың жақсы өмір сүруі деп түсінемін. Бұл – мектептердің, ауруханалардың көбеюі, жолдардың тегіс болуы, барлық адамдардың жұмыспен қамтылуы деген сөз. Біздің елімізде зауыттар салынып, жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Ауылдарда интернет қосылып, балалар онлайн оқи алады. Бұл – экономикалық дамудың белгісі деп ойлаймын. Меніңше, экономика дамыса, ата-аналарымыз жақсы жұмыс табады, бізге жақсы киім мен кітаптар сатып алып бере алады. Мектепте жаңа компьютерлер болады, біз жаңа нәрселерді үйренеміз. Кедейлік азайып, барлық балаларда бірдей мүмкіндік болады. Елдің дамуына өз үлесімді қосамын. Экономика өсуі үшін бәріміз оқып, еңбек етуіміз керек деп ойлаймын. Экономикалық даму – тек үлкендер үшін емес, балалар үшін де маңызды. Себебі біз – болашақпыз. Бала үшін экономикалық даму – бұл күнделікті өмірде байқай алатын, нақты, қарапайым дүниелер арқылы түсінілетін ұғым. Балалар экономика немесе даму сияқты күрделі сөздерді ересектерше ұғынбайды, бірақ оның нәтижелерін сезіне алады.Біз үшін экономикалық даму деген қарапайым нәрселер. Мысалы жаңа мектеп салынса – бұл даму. Мектепте асхана жақсарса, жаңа парталар келсе – бұл да даму. Ата-анасының жақсы жұмысы болып, үйге киім, ойыншық алып берсе – бұл да экономикалық дамудың белгісі. Ауылда немесе қалада жолдар жөнделіп, дүкендер көбейсе, интернет жақсарса – бала мұны «өмірдің жақсаруы» деп қабылдайды.

Ә.Қабиденұлы

ПІКІР ЖАЗУ