Балалардың құқығы – адам құқығы

Балалар – еліміздің басты байлығы және стратегиялық ресурсы. Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды басымдықтарының бірі – өскелең ұрпақтың салауатты, қауіпсіз және жан-жақты дамуы үшін жағдай жасау. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың мемлекет үшін стратегиялық маңызды басымдыққа ие екенін бірнеше рет атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет жауапты министрліктер арқылы кәмелетке толмағандардың жағдайын жақсартуға және оларды қолдау мен қорғаудың тұрақты жүйесін қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін іске асыруда. Қойылған міндеттер шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қолдау және құқықтық қорғау саласында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Бүгінде елімізде 6,9 млн бала тұрады, оның 3,9 млн-ы мектептерде, 556 мыңы колледждерде, 1 млн-нан астамы мектепке дейінгі ұйымдарда оқиды. Білім беру саласында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептердегі қауіпсіздіктен бастап балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған кәсіптік бағдарлауға дейінгі ауқымды заңнамалық және стратегиялық шаралар іске асырылуда.
2024 жылы бала құқықтарын қорғаудың құқықтық жүйесін нығайту бөлігінде елеулі өзгерістер болды. Құқықтық базаны едәуір күшейтіп, Балаларды қорғаудың пәрменді тетіктерін енгізуге ықпал еткен үш негізгі заң қабылданды.
Атап айтқанда, бұл Білім беру және тәлімгерлік мәселелері жөніндегі ҚР Заңы. Оның нәтижесінде елде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоғамға бейімдеу үшін тәлімгерлік институты құрылды.
Президенттің тапсырмалары шеңберінде Қазақстанда кәмелетке толмағандарды қорғау жөніндегі шараларды күшейту үшін Ішкі істер министрлігі жүйелі негізде мектептердегі құқық бұзушылықтардың алдын алудан бастап интернеттегі зорлық-зомбылық пен қауіп-қатер жағдайларына дейінгі кешенді жұмысты іске асыруда.
Соған сәйкес, «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Назар аударыңыз – балалар!» және тағы басқа кең ауқымды профилактикалық акциялар тұрақты түрде өткізіледі.
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде ел аумағында 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңі өткізілді. Іс-шара балалардың құқықтарын қорғауға, жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Барлығы 26 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың ішінде ең көп тарағандары – кәмелетке толмағандардың түнде ересектердің бақылауынсыз болуы, ата-аналық міндеттерін орындамау, жасөспірімдерге алкоголь сату фактілері және ұсақ бұзақылық.
Сонымен қатар өз міндеттерін орындамайтын 800-ден астам ата-ана есепке алынды. Және кәмелетке толмағандардың психикалық және физикалық денсаулығы үшін ықтимал қауіпті 4 мыңнан астам интернет-контент бұғатталды. Сондай-ақ оқушылармен 20 мыңға жуық құқықтық әңгіме өткізіліп, әкімдіктерге бос уақытты ұйымдастыру бойынша 367-ден астам өтініш жолданды.
19-31 мамыр аралығында «Жасөспірім» акциясының екінші кезеңі өткізіледі. Бұл уақытта «Түнгі қаладағы балалар» жобасына ерекше назар аударылады, оның барысында заңды өкілдердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және көшелерде жүрген кәмелетке толмағандар анықталады. Жыл басынан бері мұндай бұзушылықтар үшін 50 мыңнан астам ата-ана мен 1 мыңнан астам кәсіпкер жауапқа тартылды.
Жазғы демалыс кезінде балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу мәселелеріне ерекше мән беріледі. 20-26 мамыр аралығында «Назар аударыңыз – балалар!» оның барысында тасымалдау бағыттары тексеріліп, жолдардың қауіпті учаскелері талданып, білім беру органдарымен кеңестер өткізілді. Бұдан басқа, балаларды автобустармен тасымалдау талаптарының сақталуын тексеру ұйымдастырылды, жергілікті авариялық ошақтар орындарына талдау жүргізілді, балалардың жазғы демалыс нысандарының маңындағы көше-жол желілері зерттелді, сондай-ақ білім беру органдарымен нұсқаулық кеңестер өткізілді.
Сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстарға қарсы іс-қимыл бөлігінде полицияның жұмысы күшейтілді. 2024 жылдан бастап анықтау тәсіліне баса назар аударылды, оқу орындарында профилактика күшейтілді, бұл жасөспірімдер арасында бопсалау фактілерін көбірек анықтауға мүмкіндік берді.
Кәмелетке толмағандарға алкоголь, темекі бұйымдарын сату, олардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үй-жайлардан тыс жерде болу фактілерін анықтау, сондай-ақ балалардың жаппай демалатын орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс күшейтілді.
Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанда кәмелетке толмағандарды қорлағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді, Ішкі істер министрлігі буллингтің алдын алуды Оқу-ағарту министрлігімен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады. Бекітілген алдын алу қағидалары бойынша кәмелетке толмағандарды құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау шаралары көзделген. Өз кезегінде ІІМ барлық мектептерге 7,5 мыңнан астам полицейді бекітті, олар жүйелі түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.
Балаларды қоғамдық көліктен түсіруге тыйым салу туралы нормаға келетін болсақ, жыл басынан бері балаларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсірудің 59 фактісі тоқтатылды, норма енгізілген сәттен бастап – 66.
Ата-аналардың балаларын тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру мақсатында ата-аналарға олардың құқықтары мен міндеттері туралы тақырыптық дәрістер өткізіледі. Биыл ата-аналармен кездесулерді қоса алғанда, барлығы 52 мыңнан астам құқықтық дәріс өткізілді.
Алдын алу шаралары цифрлық ортаны да қамтиды. ІІМ-де Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті жұмыс істейді, онда тәулік бойы заңсыз контентті анықтау үшін интернет-кеңістік бақыланады. Тек осы жылы 58 мыңнан астам заңсыз ресурстар анықталды, олардың ішінде «Кибернадзор» жүйесінің көмегімен 21 мыңнан астамы бұғатталған.
Балаларды қорғау – қоғам тарапынан үнемі назар аударуды, ведомствоаралық өзара іс-қимылды және қолдауды талап ететін басым міндет. Осыған байланысты мемлекет балаларды туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін олардың өсуінің барлық кезеңдерінде жан-жақты қолдау үшін, сондай-ақ олардың мүдделерін қорғау, қылмыстық қол сұғушылықтардан, қауіпті азғырулардан және сырттан теріс ықпалдан қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Жауапты мекемелердің басты бағыты – қауіпсіздік, дамудың тұрақты ортасы және әр баланың назардан тыс әрі қамқорлықсыз қалмайтынына сенім ұялату.
Г.Тұрлыбекова




