«Димаш Құдайберген – менің мақтанышым»

Ақтөбе қаласындағы «Қалалық орталықтандырыл-ған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты №5 Самуил Яковлевич Маршак атындағы қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен қаламыздың 155 жылдығы қарсаңында «Димаш Құдайберген: өмірбаянының қызықты және ерекше фактілері» жоба аясында «Димаш Құдайберген – менің мақтанышым» атты эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты жас оқырмандарға жеке тұлға, еліміздің дарынды әншісінің өмір жолын, туған елге деген сүйіспеншілігін, әдеби көркем тілін құр-меттеуіне сүйіне отырып, оқырмандар өз ойларын жүйелі түрде, әдеби көркем тіл арқылы жеткізе білуге машықтандыру.


Байқауға серіктес мектептердің оқырмандары қа-тысты. Қатысушы Құралай Жұмажан, Димаштың музыкалық орындаушылықтағы жан-жақтылығымен көзге түскенін, танымал әндерді жігерлендіре орындай алатындығын, репертуарында эстрададан операға дейінгі, сан алуан жанрларды қамтитынын және үлкен аудиторияны өзіне бағындыра алатынын айтып өткен екен. Айбек Мухарамов болса, Димаш талантты әнші ғана емес, мінезі дүниетанымы ерекше жарқын тұлға, дүние жүзіндегі жанкүйерлердің жүрегін жаулап алған әнші, мақтанарлық тұлға екенін атап өткен. «Музыканың биік шыңдарын бағындырып, біздің қазақ елінің де, әлем сахнасында ойып алар орны бар әнші екенін дәлелдеген Димаш аға» деп, Мадина Денисимова жазған екен.
Қатысушылар Әнші Димаш Құдайбергенге деген өз ойларын толық әсерлі мазмұнды, көркем тілдерімен жеткізен. Байқаудың қорытындысы бойынша 1 орын иегері серіктес Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектептің 8 «Б» сынып оқырманы Құралай Жұмажан. 2 орынның иесі №12 жалпы орта білім беру мектебінің 8 «А» сынып оқырманы Айбек Мухарамов. Кітапханамыздың жанынан құрылған «Күншуақ» клубының белсенді мүшесі және №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің 4 «А» сынып оқырманы Мадина Денисимова 3 орын иеленді. Эссе байқауына белсенді қатысқан оқырмандар алғыс хаттар, өзгеде сыйлықтармен марапатталды.

Ақжібек Шындәулетқызы, Ақтөбе қаласы №5 Самуил Яковлевич Маршак атындағы қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі

ПІКІР ЖАЗУ