«Қыз ғұмыр, жыр ғұмыр»

Жақында №37 ЖОББМ «Жас өлкетанушы» клуб мүшелерімен
А.С.Пушкин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Қыз ғұмыр, жыр ғұмыр» атты Жайықтың ақын қыздары Ш.Қыдырниязова мен Д.Мұштанованың мерейлі жасқа толуларына орай жыр сағатын өткізді.

Шара ақын қыздарға арналған слайд шоумен басталып, кітапханашының ақындардың туып өскен өлкелері, өмірі мен шығармашылық жолын танысты-
румен жалғасты. Әрі қарай ақын қыздардың шығармаларындағы әйелге тән нәзіктік, ақынға тән мұңшылдық, азаматқа тән айбарлы рух пен асқақтықты, елге, жерге деген сүйіспеншілік, өмірге құштарлық, өзара сыйластық сияқты асыл қасиеттері арқылы дараланып тұрғаны атап өтілді. Сонан соң оқушылар қос ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақындардың сөзіне жазылған «Асыл мекен», «Ақ Шолпан» атты әндерін экран арқылы тамашалап әннің шығу тарихымен танысты. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.

Рахматуллина Қымбат, кітапханашы,
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы А.С.Пушкин атындағы ОБК

ПІКІР ЖАЗУ