Ұлттық құндылық — ұлттың жады

Ең алдымен сіздерге ұлттық құндылықты мен қалай ұғынып жүргенім туралы айтайын. Өзім бастауыш сынып оқушысымын. Әр ұлт өз елінің ұлттық құндылықтарымен ерекшеленетінін ұстазым құлағыма құйып келеді. Менің білуімше ұлттық құндылыққа ана тілім, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ауыз әдебиеті, қонақжайлылық, үлкенді сыйлау жатады. Мен ұлиымның асыл қасиеттері мен құнды мұрасы туралы отбасымда ата-анамнан, ұстаздарымнан көп естігендіктен, түсініп, өмірде қолданып жүрмін.

Жүрегіме жақыны қазақтың домбырасын күмбірлетіп салатын айтыс өнері. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегенді берік ұстанған ұстаздарыма алғыс айтамын. Музыка пәнінен Гүлнәр апайым домбыра өнерінен жан-жақты білім беруде. Айтысқа сынып жетекшім Нұртаева Гүлжаухар апайым өткен оқу жылынан бері дайындап жүр. Мен әзірше суырып салып айтыса алмаймын. Сондықтан алдын ала белгілі тақырыпқа өлең жолдарын дайындап, жаттап өз жұбыммен айтысқа шығып жүрмін. Бірақ түсінгенім бойынша айтыста жылдамдық, тапқырлық, білімді болған дұрыс екен. Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы екенін білдім.

Дамиля Кензат, Алматы қаласы, Медеу ауданы, 172-мектеп 4 «л» сынып оқушысы
Жетекшісі, Нұртаева Гулжаухар Нұркелдиева

ПІКІР ЖАЗУ