Ник Вуйчич

Ник Вуйчич – белгілі австриялық мотиватор, спикер, оратор, сонымен қатар филантроп және жазушы. Ол тумысынан сирек кездесетін тетра-амелия ауруына шалдыққан. Бұл тұқым қуалайтын, барлық екі аяқ, екі қолдың болмауына әкелетін ауру түрі.
Николас Вуйчич 1982 жылы 4 желтоқсанда Австралияның Мельбурн мегаполисінде сербиялық Душка мен Борис Вуйчич атты эмигрант отбасында дүниеге келген.
Алдымен Ник Вуйчичтің балалық шағын бір шолып өтейік!
Туғаннан бастап тетра-амелия ауруымен өмір сүрді. Екі қолы мен екі аяғы жоқ бола тұра, ол жүзуді, скейтбордта жүруді, жазуды және компьютерді қолдануды үйренді. Содан ол мектепке бара бастады. Алайда сыныптастары оны жиі мазақ етіп, оның депрессияға ұшырауына себеп болды. Осылайша Ник Вуйчич құсаланып суға батып өлмекші болды. Бірақ, оны жақындарының қайғыратыны, қимайтыны есіне түсіп, бұл теріс ойын тоқтатқан болатын.

Жетістіктері

Ник Вуйчич екі жоғарғы оқу орнын тәмамдаған. Ол бухгалтерлік есеп және қаржылық жоспарлау бойынша мамандықтардың иесі. 2005 жылы Ник Вуйчич «Ең жас австриялық азамат» атағын иеленді. 1999 жылы (17 жасында) «Жизнь без конечностей» (ағылшын тілінде Life without Limbs) деп аталатын ұйым құрған. Сонымен қатар «Attitude is Altitude» компаниясының президенті. Бұл қоғамдық маңызы бар мәселелерді көтеретін компания.

Жеке өмірі

Ник 19 жас шамасында бір қызға ғашық болады. Ол өзінің өмірін сүйіктісі Канаэсіз елестете алмайтынын түсініп, 2012 жылдың ақпанында жастардың үйлену тойын жасайтыны белгілі болды. Олар отбасы құрып, өз қалауымен өмір сүре бастады. Қазір екі ұлы және екі егіз қыздары бар. Вуйчичтер отбасындағы балаларда ешқандай дене кемістігі жоқ. Денсаулықтары жақсы.

Ник Вуйчич қазіргі таңда

Ник Вуйчич қазіргі таңда әртүрлі елдерге сапар жасап, тәлім-тәрбиелік және мотивациялық сөздер айтады, өте құнды лекциялар жасайды. Ресейге барған сапарында белгілі танымалы бағдарламаның қонағы болады.
Қазір Ник Вуйчичтің Instagram парақшасында 1,6 млн тіркелуші бар. Сондай-ақ 1100-ден астам фотосуреттер мен бейнелер жүктеген. @nickvujicic

 

Көркем Сапарғали, жас тілші
Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылы,
№11 орта мектептің 11 сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ