ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІК
«Мөлдір бұлақ» 2002 жылы ақпанда «Қазақстан-ZAMAN» газетінің аясында жарық көріп, ай сайын шыға бастады. Сол кездегі газеттің бас редакторы Марат Тоқашбаев журналды да басқарды. Редактордың орынбасары Сумейра Авжы ханым еді. Ол алғашқы нөмірдің жарық көруінен бастап барын салып ізденді. Одан кейін басылымның басшысы болып журналист Раушан Каршалова келді. Ал, 2005 жылдың қараша айынан бастап 2018 жылға дейін журналда ҚР Мәдениет қайраткері, журналист Жанастан Кучукова бас редактор болды.
Ал, 2018-2021 жылдар аралығында ҚЖО-ның мүшесі, ақын «Серпер» сыйлығының иегері Саят Қамшыгер бас редактор болып қызмет етті. Журналдың 5, 10, 15 жылдығы кезінде Қазақстан Журналистер одағының арнайы дипломымен марапатталды. 2006 жылы басылым ақпарат саласында топ жарып «Алтын жұлдыз» сыйлығына ие болды. Журналдың буыны бекіп, қалыптасуына сол кезде тер төккен Ерсін Демиржи, Ахмет Аляз, Рақымбай Ханалы сияқты әріптестеріміздің еңбегі зор болды.