Логикалық есептер

d180d0b8d18161. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
(Айжан – Мұраттың, Маржан – Асқардың қызы).
2. Үш ағайынды. Арман, Аян, Аслан ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды. Аслан Арманнан, ал Аян Асланнан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
(Ең үлкені Аян, ең кішісі Арман, ортаншысы Аслан).
3. Қай ауылдың балалары? Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі – Харкиннен, екіншісі – Тайпақтан, үшіншісі – Мергеннен келген. Ерлан мен Харкиннен келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Тайпақта болып көрмегендігі болса, қай бала қай ауылдан келген?
(Әділет – Тайпақ, Еркін – Харкин, Ерлан – Мергеннен келген).
4. Олар қандай баға алды? Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: “Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»-те «5»-те емес”, — деді. Сонда әркім қандай баға алған?
(Әсем – «5», Анар – «4», Ардақ – «3» алған).
Жинаған: Нұргүл МҰХАМБЕТИЯРОВА, «Мөлдір бұлақтың» жас тілшісі.
Орал қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ