Сөз құдіреті
Ғалымдар бейпіл, дөрекі сөздердің тірі ағзаны молекулалық деңгейде бүлдіретінін дәлелдеді. Сондықтан, адамның тәні мен жаны арасындағы нәзік дәнекер – сөзбен қалай болса солай әсте ойнауға болмайды. Ресей ғылым академиясының басқару проблемалары институтының негізін қалаушы, биолог Петр Горяев ХХ ғасырдың соңында мұны ғылыми түрде дәлелдеуді қолға алған болатын. Ол адам сөздерін электромагнитті тербелістерге «аударатын» аппарат жасап шығарды. Сонан кейін ол тербелістердің ДНК-ға, молекулалық мұрагерлікке қалай ықпал ететінін зерттеген. Осы бір ғажап техника көмегімен бейпіл және жылы, мейірімді сөздердің тірі ағзаға қалай әсер ететінін тексерген. Соның нәтижесінде кейбір сөздердің минадан да қауіпті екені анықталды. Әсіресе, қатты жанжалдасып, қарғыс сөздер оқша бораған кезде, хромосомалар майысып барып үзілетін көрінеді.
Толғанай АСЫЛҚАНОВА.
ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы.