Ауыз су – денсаулық кепілі

Ауыз су – адам өмірінің ең маңызды байлығы. Ол денсаулықты сақтауға, тіршілікті жалғастыруға көмектеседі. Сондықтан таза суды қорғау және үнемдеу – барлығымыздың ортақ міндетіміз.

Жер бетінде тіршілік атаулы үшін ең қажетті нәрсенің бірі – су. Адам да, жануар да, өсімдік те сусыз өмір сүре алмайды. Әсіресе, таза ауыз су адамның денсаулығы мен өмірі үшін өте маңызды. Сондықтан елде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – мемлекет үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Су – адам өмірінің негізгі бөлігі. Адам ағзасының көп бөлігі судан тұрады. Біз суды күн сайын ішеміз, тамақ дайындаймыз, жуынамыз, тазалық сақтаймыз. Егер адам ұзақ уақыт су ішпесе, денсаулығына зиян келуі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер күніне жеткілікті мөлшерде таза су ішу керектігін айтады. Ауыз су – арнайы тазартудан өткен, адам денсаулығына зиянсыз су. Мұндай су түрлі сүзгілерден өткізіліп, микробтардан тазартылып, арнайы тексеруден өтеді. Су тазартылғаннан кейін ғана үйлерге, мектептерге, балабақшаларға және басқа да мекемелерге жеткізіледі. Бұл адамдардың денсаулығын қорғауға көмектеседі.

Көптеген қалалар мен ауылдарға су арнайы су құбырлары арқылы жеткізіледі. Алдымен су өзендерден, көлдерден немесе жер астындағы бұлақтардан алынады. Содан кейін су тазарту станцияларында бірнеше кезеңнен өтеді ірі қоқыстардан тазарту, сүзгілерден өткізу, микробтарды жою, сапасын тексеру. Осыдан кейін ғана таза су арнайы құбырлар арқылы үйлерге беріледі.

Су табиғатта шексіз емес. Егер адамдар суды дұрыс пайдаланбаса немесе табиғатты ластаса, таза су азаюы мүмкін. Сондықтан әр адам суды үнемдеп пайдалануы керек. Кранды босқа ашық қалдырмау, суды қажетсіз ысырап етпеу, өзен-көлдерді ластамау, табиғатты қорғау. Бұл қарапайым әрекеттер таза суды сақтауға көмектеседі. Таза су ішкен адам өзін жақсы сезінеді, денесі сергек болады. Ал лас су түрлі аурулардың пайда болуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан су тазалығы үнемі бақылауда болады. Арнайы мамандар судың сапасын тексеріп, оның қауіпсіз екеніне көз жеткізеді. Ғалымдар болашақта суды үнемдеп пайдалану өте маңызды болатынын айтады. Сол себепті жаңа технологиялар арқылы суды тазарту және сақтау әдістері дамып келеді.

Кейбір елдерде жаңбыр суын жинау, теңіз суын тұщыландыру сияқты әдістер қолданылып жатыр. Бұл адамдарды таза сумен қамтамасыз етуге көмектеседі. Балалар да суды қорғауға өз үлесін қоса алады. Мысалы суды босқа ағызбау, табиғатты таза ұстау, өзен-көлдерді ластамау, үлкендерге суды үнемдеу туралы еске салу. Осындай қарапайым әрекеттер табиғатты қорғауға көмектеседі.

Егер әр адам табиғатты аяласа және суды дұрыс пайдаланса, болашақта да жер бетінде таза су жеткілікті болады.

Г.Тұрсынқожа

ПІКІР ЖАЗУ