Жаңа өнеркәсіптік саясаттың маңызды бағыты – инновация

Жаңа өнеркәсіптік саясат – еліміздің дамуы үшін маңызды бағыттардың бірі. Ол өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экономикамызды нығайтуға көмектеседі. Егер жастар білім алып, жаңа технологияларды меңгерсе, болашақта Қазақстанда заманауи зауыттар көбейіп, еліміз дамыған мемлекеттердің қатарына қосыла алады. Өнеркәсіптің дамуы – елдің болашағының берік болуының кепілі. Сондықтан өндірісті дамыту, ғылым мен технологияны қолдау – барлығымыз үшін маңызды міндет.
Қазіргі заманда әрбір ел өз экономикасын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер іздейді. Өндірісті күшейту, жаңа технологияларды енгізу, адамдарға жұмыс орындарын ашу – мемлекеттің басты мақсаттарының бірі. Осындай маңызды бағыттардың бірі – жаңа өнеркәсіптік саясат. Бұл саясат елдегі зауыттар мен фабрикаларды дамытуға, жаңа өндірістер ашуға, заманауи технологияларды енгізуге бағытталған. Қарапайым тілмен айтқанда, өнеркәсіптік саясат – елде түрлі өнімдер шығаратын кәсіпорындарды көбейту және олардың жұмысын жақсарту деген сөз. Өнеркәсіп – бұл адамдардың зауыттар мен фабрикаларда түрлі заттар өндіруі. Мысалы киім тігу, азық-түлік өндіру, көлік жасау, құрылыс материалдарын шығару, тұрмыстық техникалар өндіру. Осындай өндірістер арқылы ел экономикасы дамып, халыққа қажетті тауарлар шығарылады.
Әлем күн сайын өзгеріп жатыр. Жаңа технологиялар пайда болып, өндіріс әдістері жаңарып келеді. Егер ел өз өнеркәсібін дамытпаса, онда басқа мемлекеттердің өнімдеріне тәуелді болып қалуы мүмкін. Жаңа өнеркәсіптік саясаттың негізгі мақсаты отандық өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, заманауи технологияларды енгізу, ел экономикасын нығайту болып табылады. Бұл саясат арқылы елімізде жаңа зауыттар салынып, кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі.
Қазақстанда соңғы жылдары түрлі жаңа өндірістер ашылып келеді. Тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдарын шығару, машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын жатқызуға болады. Мұндай өндірістер елдің ішкі нарығын қамтамасыз етіп қана қоймай, басқа мемлекеттерге де өнім шығаруға мүмкіндік береді.
Жаңа өнеркәсіптік саясаттың маңызды бағыты – инновация. Инновация дегеніміз – жаңа идеялар мен жаңа технологияларды пайдалану. Қазіргі зауыттарда роботтар, компьютерлік жүйелер, автоматтандырылған машиналар қолданылады. Бұл өндірістің жылдам әрі сапалы болуына көмектеседі. Кейбір зауыттарда өнімдерді роботтар құрастырады, ал компьютерлер өндіріс процесін басқарады.
Қазіргі өнеркәсіп тек өнім шығарып қана қоймай, табиғатты қорғауды да ескеруі керек. Сондықтан жаңа саясатта экологиялық қауіпсіздік маңызды орын алады. Зауыттар ауа мен суды ластамау үшін арнайы сүзгілер мен тазарту жүйелерін қолданады. Бұл табиғатты қорғауға және адамдардың денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Жаңа өнеркәсіптік саясат болашақта көптеген жаңа мамандықтардың пайда болуына ықпал етеді. Мысалы инженерлер, IT мамандары, робототехника мамандары, технологтар, экологтар. Осындай мамандар өндірісті дамытуға және жаңа технологияларды енгізуге көмектеседі.
Бүгінгі балалар – ертеңгі инженерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер. Сондықтан мектепте жақсы білім алу, ғылым мен техникаға қызығу өте маңызды. Еліміздің өнеркәсібін дамыту үшін білімді, жауапкершілігі жоғары жастар қажет. Олар жаңа идеялар ұсынып, жаңа өндірістер ашып, ел экономикасының дамуына үлес қосады.
Г.Тұрсынқожа




