Жүрекжарды

Құрметті жас оқырман!
Қай кезеңде болсын білімдінің қолында алтын шырақ болатыны ақиқат. Ол дегеніміз, әрдайым білімдінің тұғыры берік, алар асуы биік болады деген сөз. Мына қолдарыңа алып отырған журнал білімге бастар, тәрбиеге жетелейтін мөлдір бұлақтың бастауы. Бұл бұлақтан дәм татқан балақайлардың ойы озық, арманы асқақ, білімі кемел болары сөзсіз. Бүгінгі таңда дамудың даңғыл жолына түскен еліміздің ертеңгі тізгінін ұстайтын сіздер боласыздар. Жаңадан бой көтерген балабақшалар, заманауи талапқа сай салынып жатқан мектептер мен өзге де білім ошақтары болашағымыз үшін жасалып жатқан игі қадамдар екенін есте сақтаңдар.
Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өздеріңдей жас буынға үлкен сенім артатынын үнемі айтып жүреді. Бұл үлкен салмақты сенім екенін ұмытпағайсыңдар. Біздердің бүгінгі білімді де саналы ұрпақтың сол сенім үдесінен шығатынына үмітіміз басым.
Биік шыңдарды бағындыратын, ел Туын желбірететін азамат болуларыңа тілектеспін!

Құрметпен, Жамбыл облысы, Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле

ПІКІР ЖАЗУ