Жол ережесін сақтау – әр баланың міндеті

Қазіргі таңда көлік қозғалысы күн сайын артып келеді. Әсіресе еліміздің бас қаласы – Астана көшелерінде автокөлік саны көбейіп, қозғалыс қарқыны күшейген. Сондықтан жолда жүру ережесін сақтау – әр адамның, әсіресе балалардың қауіпсіздігі үшін аса маңызды.

Балалар – жол қозғалысына қатысушылардың ең осал тобы. Олар кейде жолдағы қауіпті толық бағалай алмайды. Сол себепті жол ережесін ерте жастан үйрету – ата-ананың, мұғалімнің және қоғамның ортақ міндеті.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда көлік қозғалысы күн сайын артып келеді. Астанада  жолдағы көлік саны көбейіп, қозғалыс қарқыны күшейген. Мұндай жағдайда жол ережесін сақтау – әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншінің басты міндеті.

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін сақтамаудан болады. Атап айтқанда, жылдамдықты шамадан тыс арттыру, қарсы жолаққа шығу, жаяу жүргіншілерге жол бермеу, мас күйінде көлік басқару сияқты құқық бұзушылықтар қайғылы жағдайларға себеп болады.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері аудан аумағындағы жолдарда бақылауды күшейтіп, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған азаматтарға қатысты заң аясында шаралар қабылданады.

Жол қауіпсіздігі – тек полиция қызметкерлерінің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әрбір адам жолда тәртіп сақтауға міндетті. Өйткені бір сәттік салғырттық адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Жол қозғалысы ережелері адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қабылданған. Егер жүргізуші де, жаяу жүргінші де жол тәртібін сақтаса, апат саны азайып, қауіпсіздік деңгейі артады.

Көп жағдайда жол-көлік оқиғалары жүргізушілердің асығыстығы мен жауапсыздығынан болады. Кейбір жүргізушілер бағдаршам талабын елемей, рұқсат етілмеген жерден бұрылып немесе жылдамдықты асырып жатады. Мұндай әрекеттер тек өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да қауіп төндіреді. Жаяу жүргіншілер де жол ережесіне мұқият болуы қажет. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер жолдан белгіленген жерден өтуі керек. Көлік жолына жүгіріп шығу немесе телефонға алаңдау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Мамандар қауіпсіздік үшін бірнеше қарапайым ережені сақтауға кеңес береді жылдамдық режимін бұзбау, мас күйінде көлік жүргізбеу, қауіпсіздік белдігін тағу, жол белгілеріне назар аудару, аяу жүргіншілер өткелінде абай болу, көлік жүргізу кезінде телефон қолданбау. Осындай қарапайым ережелерді сақтау көптеген апаттың алдын алуға мүмкіндік береді.

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында балалар қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінеді. Себебі балалар – жол қозғалысына қатысушылардың ең осал тобы. Көп жағдайда балалар жолдағы қауіпті толық бағалай алмайды. Сондықтан ата-аналар мен мұғалімдер оларға жол ережесін үнемі түсіндіріп отыруы қажет.

 

Жол ережесін сақтау – өмір қауіпсіздігінің кепілі. Егер әр адам жол тәртібін сақтаса, жол-көлік оқиғалары азайып, адам өмірі қорғалады. Балалар мынадай қарапайым ережелерді есте сақтауы қажет:

Жолды тек жаяу жүргіншілер өткелінен өту;

Бағдаршамның жасыл түсін күту;

Жолға жүгіріп шықпау;

Көлік арасынан өтпеу;

Телефонға алаңдамау;

Велосипед пен самокатты қауіпсіз пайдалану.

Бағдаршам жол қозғалысын реттейді. Оның әр түсінің өзіндік мағынасы бар:

Қызыл түс – тоқта!

Сары түс – дайындал!

Жасыл түс – жүр!

Балалар жолдан өтер кезде алдымен сол жаққа, кейін оң жаққа қарап, көліктің тоқтағанына көз жеткізуі керек.

Астана қаласында балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді. Мектептердің маңына арнайы жол белгілері, жаяу жүргіншілер өткелі мен жылдамдықты шектейтін белгілер орнатылған. Сонымен қатар полиция қызметкерлері мен еріктілер оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Мектептерде «Қауіпсіз жол», «Абайла, балақай!» сияқты акциялар жиі ұйымдастырылады. Мұндай шаралар балалардың жол ережесін жақсы меңгеруіне көмектеседі.

Соңғы жылдары балалар арасында велосипед пен электр самокат тебу көбейді. Бұл – ыңғайлы әрі қызықты көлік түрі. Бірақ қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды. Самокат немесе велосипед мінгенде:

Қорғаныш дулыға кию;

Адам көп жерде баяу жүру;

Жолдың ортасына шықпау;

Құлаққаппен жүрмеу;

Кешкі уақытта жарық шағылыстырғыш тағу қажет.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар айында елордада 159 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, апаттардың негізгі себептері – жол ережесін сақтамау, жылдамдықты асыру және жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден өтуі.

 

Қазіргі таңда елордада «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші», «Мас жүргізуші» сияқты профилактикалық рейдтер тұрақты өткізіліп тұрады. Бұл шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Мамандардың айтуынша, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең басты шарты – әр адамның жеке жауапкершілігі. Егер жүргізуші де, жаяу жүргінші де тәртіп сақтаса, апат саны азаяды.

Баланың жолдағы тәртібі көбіне ата-ананың тәрбиесіне байланысты. Егер үлкендер жол ережесін сақтаса, бала да соны қайталайды. Сондықтан ата-аналар:

Баласына жолдан дұрыс өтуді көрсетуі;

Қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіруі;

Баланы қараусыз жолға жібермеуі қажет.

Жол ережесін сақтау – әр баланың міндеті. Өйткені қауіпсіздік – ең басты құндылық. Жол тәртібін білетін бала өз өмірін де, өзгенің өмірін де қорғай алады.

Г.Тұрсынқожа

ПІКІР ЖАЗУ