Уақыт деген – қайтарылмас қазына

Гаджеттер адам өмірін жаулап алған,
Ғаламторға байланып, аулақ қалған.
Заманның озығы деп пайдаланып,
Төмендеп бара жатыр арман-талғам.

Ғасырдың жиырма бірі төбемізде,
Телефон айлануда төремізге.
Басымызбеншырмалып экранға,
Осындай фанаттыққа көнеміз бе?!..

Технология,ақпарат мыне, бізде,
Пайдасын екшеуді білеміз бе?
Көктемірге құл болу, әлсіздігің,
Уақытты ысырап қып жүреміз бе?

Күндер жылжып,уақыт сырғып өтті,
Адамдармен қатынас мүлде кетті.
Телефонмен, гаджеттерге телміріп,
Әр бала өзін-өзі түрмелепті.

Уақыт деген – қайтарылмас қазына,
Кіріп кеттің гаджеттерге қазыла.
Өзіңді өзің дамытумен айналыс,
Айтқандарым адамға тән базына!

Медина Садық, Астана қаласы, № 86 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы,
«Мөлдір бұлақ» журналының жас тілшісі

ПІКІР ЖАЗУ