Дәл осындай сыршыл ақын таппаспын

Туған жерді, туған тілді, халықты,
Жырлап өткен Мұқағали бақытты.
Қазағымның ақыны ғой ақиық,
Толықтырған өлең, жырмен тарихты.

Ақындығы шексіз ғой шарықтаған,
Нәр бергендей қазақи жазық далам.
Жауқазын жырларынан оның әрбір,
Көңілге мен рухани азық алам.

Тас жүректі балқытар жалынды ақын,
Пәк көңілді толқытар дарынды ақын.
Сырлы өлеңі мұңайған жүректерге,
Қуаныштың сыйлайды нұрын жарқын.

Жырларымен сусындап ұрпақтары,
Жадымызда сақталып, тұрмақ бәрі.
Жақсылыққа баршаны жетелейді,
Өлеңінің әр буын тармақтары.

Қазақ халқын өлең, жырмен тербеткен,
Елі үшін еңбек етіп тер төккен.
Дәл осындай сыршыл ақын таппаспын,
Шыр айналып іздесем де жер-көктен.

Абай Мәтілбайұлы,
Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
№23 Т.Рысқұлов атындағы
орта мектептің 10 сынып оқушысы
Жетекшісі: Кобеев Олжас Ескендірұлы

ПІКІР ЖАЗУ